ҚЫЗЫҚТЫ ӘДЕБИ КЕШ

ҚЫЗЫҚТЫ ӘДЕБИ КЕШ

Жуырда Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық кітапханасында белгілі жазушы-журналист, аудармашы Омар Бәкірұлы Бәкіровтің әдеби кеші қызықты өтті. Жаңақорған ауданының түлегі, қаламгер О.Б.Бәкіров республика оқырмандарына «Нәубет жылдарында» очерктер мен әңгімелер жинағымен, «Е.Г.Брусиловский – әйгілі сазгер», «ХХ ғасырдан тәбәрік» повестері, «Өмір белестері» атты өмірбаяндық повесі арқылы жақсы таныс. Омар Бәкірұлының 70 жылдық мерейтойына, шығармашылық қызметінің 45 жылдығына арналған осы әдеби кеште оның жаңа кітабы – «Өнер саңлағы» повесі аудан оқырмандарына таныстырылып, тұсаукесер рәсімі де өтті. Бұл повесте халық ақыны Нартай Алыпқашұлы Бекежановтың шығармашылық қызметі, Отанға сіңірген мол еңбегі, өнегелі өмірі шынайы баяндалған. Әдеби кешті жүргізуші модератор әуелі қаламгер Омар Бәкірұлы Бәкіровтің өмірбаянына, шығармашылығына тоқталып, оқырмандарды жазушының мерейтойы құрметіне ашылған көрмемен таныстырған болатын. Содан соң Әділбек Бәкірұлы Өмірбеков жазушының шығармашылық қызметі хақында қысқаша баяндама жасады. Өз кезегінде сөз алған Омар Бәкірұлы кеш қонақтарының сұрақтарына тұшымды жауап бере отырып, өзінің журналистік, аудармашылық қызметі, болашақтағы шығармашылық жоспары туралы әсерлі әңгімеледі. Кеш қонақтары атынан журналист, ақын, сықақшы Файзолла Сахиев сөз сөйлеп, өзінің жаңа өлеңін тебірене оқыды. Оқырман қауым бұл кештен жақсы әсер алып, көңілді тарады. Қаламгер Омар Бәкірұлы туған өлкеге осы сапарында Жаңақорған аудандық кітапханасына, өзі туып-өскен Сунақата ауылындағы кітапханаға және өзі білім алған №194 Сунақата қазақ орта мектебіне өзінің барлық кітаптарын сыйға тартқан болатын

Ш. ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы
16.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 6600
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 6032
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 9238
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 7022
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 8233