РЕФЕРЕНДУМ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ

РЕФЕРЕНДУМ –  ЕЛ ДАМУЫНЫҢ  КӨРСЕТКІШІ

Ел дамуының маңызды мәселелері бойынша республикалық референдумның өтуі қоғамға серпіліс әкелді.  Референдум – ел дамуының көрсеткіші. Әділдіктің салтанат құруы. Халықтың талабы мен тілегінің орындалуы. Болашаққа жасалған игі қадам. Ізгі мұрат! Мемлекет басшысы  2002 жылы 5 маусымда жалпыхалықтық референдум өткізуді белгіледі. Конституциямыздың 33-бабына түзетулер енгізілді.  Бұл тұрғыда, әрине, елдің Ата Заңын түрлендіру мен апгрейд жасау көпшіліктің қатысуын қажет етті. Азаматтардың маңызды мемлекеттік мәселелер бойынша шешім қабылдауға қатысуының тиімді тәсілдерінің бірі референдум өткізу болып саналады. 

Бір айта кетерлігі, «Республикалық референдум туралы» Заңға сәйкес референдум тағайындау туралы бастаманы Президент, Парламент, Үкімет немесе саны 200 мың адамнан кем емес Қазақстан азаматтары көтере алады. Осылайша, Мемлекет басшысы алдағы конституциялық өзгерістерді қоғамдық талқылаудың маңыздылығын ескеріп, референдум өткізу жөнінде бастама жасау құқығын пайдаланды. «Конституциялық реформа мәселесі бойынша республикалық референдум өткізудің бірқатар оң тұстары бар. Біріншіден, бұл ішкі және халықаралық аудиторияның Жаңа Қазақстанда мемлекеттік өмірдің маңызды мәселелері бойынша шешімдер қоғамның кең ауқымды қатысуы мен қолдауы негізінде ғана қабылданатындығын көрсету. Екіншіден, халықты референдумда дауыс беру процесіне тарту оның азаматтық белсенділігі мен саяси қатысуын арттыруға ықпал ететін болады. Сонымен, алдағы конституциялық өзгерістер бойынша референдум өткізу Қазақстан азаматтарына мемлекеттік маңызы бар мәселелер бойынша ерік білдіру құқығын пайдалануға мүмкіндік береді. Кең мағынада конституциялық түзетулер үшін тікелей дауыс беру – азаматтардың Жаңа Қазақстанның құрылысына тікелей қатысуына жағдай жасайды», – деді Президент.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев референдум алдында былай деді: «Бесінші маусымда жалпыхалықтық референдум өткізілетін болды. Конституциямыздың 33-бабына түзетулер енгізіледі. Менің мақсатым – халқыма мейлінше еркіндік беру, демократия мен заң үстемдігін күшейту. Президент ретінде ешқандай артықшылықтар мен жеңілдіктерге құмар емеспін. Мұндайды қаламаймын». Түсінгенге референдумның ең негізгі ой-түйіні осы сөз. Президент өзінің туған халқына барынша мол бостандық беруді мақсат етіп отыр. Халық өз тағдырын өзі шешетіндей болуы үшін, мемлекеттің ісін барлық өлшем бойынша халықтың өзі айқындайтын жағдай жасау үшін референдум өткізді. 1995 жылдан бері елімізде референдум өткізілген емес. 27 жыл бойы. Осы жылдардың ішінде референдум шақыратындай да жағдайлар болды. Төрт рет Конституция өзгерді, бірақ барлығы Парламент арқылы шешіліп келген еді. Енді үлкен өзгерістер болуына байланысты референдум қажеттігі туындады. Өйткені Конституцияның 33-бабына яғни үштен бір бөлігіне өзгеріс енгізілді. Әсіресе, ең қағидатты мәселелер жер, оның қойнауы, оның қазыналары халықтың меншігі деген концептуалды тың тұжырым жасалды. Басқа да үлкен-үлкен мәселелер бар. Бастысы «суперпрезиденттік» басқару үлгісінен мықты Парламентке сүйенетін президенттік басқару үлгісі енгізілді. Президент өз қолынан өкілеттіктерінің біраз бөлігін Парламентке беріп, Парламенттің өкілеттігін кеңейтті. Басқа да көптеген өзгеріс бар. Референдумның елге тигізген пайдасы ұшан теңіз.

 

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК
21.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 132
ТҮРКІСТАН: Р.СЕЙТМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТЕАТРДА БИЫЛ 130-ҒА ЖУЫҚ ҚОЙЫЛЫМ ҚОЙЫЛҒАН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 03.12.2024 15
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 67
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 61
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 46
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 464
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 432
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 456
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 448
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 446
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 463
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 452
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 646

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9688
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9066
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12301
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10071
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11280