РЕФЕРЕНДУМ – ЕЛГЕ СЕНІМ, БОЛАШАҚҚА ҮМІТ ШАМЫН ЖАҒАДЫ

РЕФЕРЕНДУМ – ЕЛГЕ СЕНІМ, БОЛАШАҚҚА ҮМІТ ШАМЫН ЖАҒАДЫ

Референдум – елге сенім, жастарға қуат, болашаққа үміт артқызар үлкен күш. Референдум жаңашылдыққа бастайтын қадам. Демократия мен экономикаға серпін беретін прогресс. Әрине референдум өзгерісті талап етіді. Көптеген заң жобалары қайта қаралады. Өңделеді, қайта толықтырылады. Айта кетуіміз керек,  бұл елімізде өткізілген екінші референдум.  1995 жылдан бері  (2022 жылдан бері)  27 жыл бойы елімізде референдум өткізілмепті.

2022 жылы 5 маусымда Қазақстанда жалпы республикалық референдум өтті. Әр қала, әр өңір белсенділік танытты.  Астана тұрғындары өздерінің сайлау учаскелері туралы мәліметтерді онлайн режимінде ала алды. Референдум қарсаңында Астана әкімшілігі көп іске мұрындық болды. Сайлауға қатысушы Астана тұрғындарына нақты ресми мәліметтерді дер уақытында жеткізіп отырды. Сондай-ақ, Астана қаласының әкімдігі өзінің дауыс беру учаскесі туралы мәліметтерді нақты уақыт режимінде келесі арналар арқылы алуға мүмкіндік берді:

Ресми веб-сервис: https://referendum.astana.kz/

Telegram-дағы чат-бот: https://t.me/ns_referendum_bot

«Қалалық қызметтер» бөліміндегі «SmartAstana» мобильді қосымшасы:

Android: https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.citysoft.smartastana&hl=ru

iOS: https://apps.apple.com/kz/app/smart-astana/id1080928295

IKomek бірыңғай байланыс орталығы, 109 телефоны бойынша.

Референдумның өз қызығы мен қиындығы бар. Азаматты белгілі бір дауыс беру учаскесінде референдумға қатысуға құқығы бар адамдардың тізіміне енгізу үшін оның тұрғылықты жері бойынша, осы учаскенің аумағында тіркелу фактісі негіз болатындығын атап өткен жөн. Мекенжай мәліметтерін тіркеу, түзету және тексеру үшін egov.kz  «электрондық үкімет» порталына жүгіну қажет. «Азаматтық, көші-қон және иммиграция → Халықты тіркеу және тіркеу есебінен шығару» бөліміне немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына.

Сонымен қатар Астаналықтардан республикалық референдумға қатысып, конституциялық құқықты іске асыруды сұрайды, өйткені әр адамның дауысы маңызды!

Мемлекет басшысы 5 маусымда жалпыхалықтық референдум өткізуді белгілегеннен кейін конститутциямыздың 33 бабына түзетулер енгізіледі.  Бұл тұрғыда, әрине, елдің Ата заңын түрлендіру мен апгрейд жасау көпшіліктің қатысуын қажет етеді. Азаматтардың маңызды мемлекеттік мәселелер бойынша шешім қабылдауға қатысуының тиімді тәсілдерінің бірі референдум өткізу болып саналады. Бір айта кетерлігі, «Республикалық референдум туралы» заңға сәйкес референдум тағайындау туралы бастаманы Президент, Парламент, Үкімет немесе саны 200 мың адамнан кем емес Қазақстан азаматтары көтере алады». Осылайша, Мемлекет басшысы алдағы конституциялық өзгерістерді қоғамдық талқылаудың маңыздылығын ескеріп, референдум өткізу жөнінде бастама жасау құқығын пайдаланды. «Конституциялық реформа мәселесі бойынша республикалық референдум өткізудің бірқатар оң тұстары бар. Біріншіден, бұл ішкі және халықаралық аудиторияның Жаңа Қазақстанда мемлекеттік өмірдің маңызды мәселелері бойынша шешімдер қоғамның кең ауқымды қатысуы мен қолдауы негізінде ғана қабылданатындығын көрсету. Екіншіден, халықты референдумда дауыс беру процесіне тарту оның азаматтық белсенділігі мен саяси қатысуын арттыруға ықпал ететін болады. Сонымен, алдағы конституциялық өзгерістер бойынша референдум өткізу Қазақстан азаматтарына мемлекеттік маңызы бар мәселелер бойынша ерік білдіру құқығын пайдалануға мүмкіндік береді. Кең мағынада конституциялық түзетулер үшін тікелей дауыс беру – азаматтардың Жаңа Қазақстанның құрылысына тікелей қатысуына жағдай жасайды». Сондықтан да  еліміздің болашағының дамуы тікелей осы референдумға байланысты болып отыр. Сол себепті ел үшін жаны ашитын әрбір азамат осы референдумға қатысу керек деп ойлаймын» деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет және қоғам қайраткері Жабал Ерғалиев референдум қарсаңында айтқан пікірі өте маңызды. «Ата Заңның 98-бабы­ның 33-іне өзгеріс енгізу бұл өте үлкен қадам. Сондықтан дәл қазір ең алдымен халқымыз осы өзгеріске бір адамдай қатысып, абыроймен өткізіп алуы керек. Біз бәріне асығып жатамыз. Дүниенің бәрін бір сәтте төңкеріп тастайтындай асығыстыққа бармай, уақыт сұранысына сай өзгеріп жатқан нәрселерге мән берсек деймін. Осы өзгерістердің өзінің салмағы айтарлықтай болып отыр. Президент мұндай жаңашылдықтар арқылы әділетті, таза Қазақстан құруға ұмтылып жатыр ғой. Сондықтан мүмкіндік берейік.

Президент жөнсіз билікке ұмтылмайтынын ашып айтты. Жүйені жайлаған жемқорлық, жүйесіздік халықты шаршатқанын ол да байқап отыр. Сондықтан Ата Заңға өзгеріс енгізу арқылы қоғамды тәртіпке шақырып, референдум арқылы бұл қоғамды халықтың өзі құруына мүмкіндік бергенін тиімді пайдаланғанымыз жөн. Алдағы конституциялық референдум тек бір қала немесе облыс тағдырына байланысты емес, ол тұтас мемлекеттің болашағына әсер ететін, бұдан да жарқын келешектің іргетасын қалайтын аса маңызды күн деп ойлаймын. Өйткені, қоғам арасында күрмеуі шешілмей жатқан күрделі мәселелер көбейіп кетті. Сол себепті, Президент сөзден гөрі іске баса назар аударып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын алға қоя отырып, осындай маңызды шешім қабылдағаны анық. Соны бағалауымыз керек.

«Бүйректен сирақ шығара бермей», биліктің бастаған бағытында жұмысты жалғастырып, абыроймен аяғына дейін жеткізсек екен. Саясат құбылып тұр, дүние күн сайын өзгеріп жатыр. Мен түсінем, тіл мәселесі бар, Ассамблея, ұлттық құндылықтар деген секілді мәселелер де халықты толғандырады. Бірақ қоғам дайын болған уақытта оның барлығы өз орнын табатын болады».

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК
15.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 150
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 148
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 660
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 780
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 693
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 703

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8843
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8240
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11467
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9223
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10451