РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ АСТАНАЛЫҚТАР БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ

РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ АСТАНАЛЫҚТАР БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ

Астана тұрғындары үшін республикалық референдумға қатысу перзентханалардағы қуанышты оқиғалармен тұспа-тұс келді. 6 қазан күні сағат 00:00-ден 15:00-ге дейін 39 нәресте өмірге келді, сәбилердің 29-ы – ұл, 10-ы – қыз бала. Жас сәбилер елорданың үш перзентханасында өмірге келді.

Нәрестелер мен олардың аналары жақсы жағдайда және тиісті күтім көрсетіліп жатыр. Референдум күні елорданың медициналық мекемелері акушерлік бөлімшелердегі әйелдерге дауыс беру мүмкіндігін ұйымдастырды. Арнайы сайлау учаскелері тікелей ауруханаларда ашылды, бұл жүкті және босанған әйелдерге медициналық мекемелерден шықпай-ақ таңдау жасауға мүмкіндік берді. Естеріңізге салайық, 6 қазан күні Астанада таңертеңгі сағат 7-ден бастап 460 учаске жұмыс істеді, оның 352-сі – ашық, 34-і – жабық, 74-і дипломатиялық өкілдіктер мен елшіліктерге бөлінген. Елордада жалпыұлттық референдумда қазақстандық ғылым мен мәдениет қайраткерлері, соның ішінде ақын Серікзат Дүйсенғазин, академик Кәрімбек Құрманалиев, сондай-ақ әдебиеттанушы және академик Дихан Қамзабекұлы және басқа да зиялы қауым өкілдері дауыс берді. Академик Кәрімбек Құрманалиев жас және аға буын азаматтарының белсенді қатысуы азаматтық хабардарлықтың жоғары деңгейін айғақтайтынын атап өтті. «Біз таңертеңнен бастап адамдардың өз ұстанымдарын білдіруге асығып жатқанын көрдік, бұл өте қуанышты жағдай», – деді ол. Елордалық сайлау учаскелерінде қала тұрғындары мен отбасылары үшін ерекше акция ұйымдастырылды. Бұл бастама, әсіресе ата-аналарымен бірге келетін балалар үшін мерекелік және достық көңіл күйді орнатуға бағытталған. Кәсіби суретшілер бүлдіршіндерге түрлі түсте жануарлар мен кейіпкерлерді бейнелеп бере алады. Бұл ата-аналардың дауыс беруі үшін уақыт бөлудің тамаша тәсілі болды. «Бүгінгі күн біз үшін ерекше болды. Сайлау учаскесіне балалармен бірге еліміздің болашағына үлес қосу үшін келдім. Балалар аквагримге қуанады әрі осындай жарқын және түрлі түсті суреттер көңіл күйді көтереді. Бұл – жай ғана дауыс беру емес, нағыз отбасылық мереке», – деп, елорда тұрғындарының бірі өз әсерімен бөлісті. Референдум күні Астанада танымал спортшылар сайлау учаскелерінде дауыс беруге белсенді қатысқанын айту керек. Бокстан Олимпиада чемпионы және еңбек сіңірген спорт шебері Серік Сәпиев №165 сайлау учаскесінде дауыс берді, ауыр атлетикадан аты аңызға айналған спортшы Илья Ильин №88 учаскеге барды, сондай-ақ елордалық спортшы, ММА жаттықтырушысы Василий Тахтай №336 учаскеде өз таңдауын жасады. Сондай-ақ референдумға Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері Ерғали Шамей және жүзуден Паралимпиада ойындарының қатысушысы Сиязбек Далиев қатысады. Сонымен қатар джиу-джитсудан Жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Галина Дуванова дауыс берді. Қазақстанның белгілі спорт өкілдерінің қатысуы референдумның маңыздылығын және спорт қоғамының белсенділігін көрсетеді. «Спортшы ретінде мен дауыс бердім және әрбір қазақстандық өзінің спорттық және өмірлік құндылықтарына сүйене отырып, шешім қабылдауы керек деп санаймын. Әрбір дауыс маңызды және біздің отандастарымыз жарыстарда жеңіске жетуге ұмтылғандай, болашағымыз үшін де осы маңызды мәселеде белсенділік танытады деп сенемін», – деді Галина Дуванова. «Мен дауыс бердім және әрбір қазақстандық өзінің жеке сеніміне сүйене отырып шешім қабылдауға міндетті деп санаймын. Әрбір дауыс маңызды және біздің отандастарымыз болашағымыз үшін осы маңызды мәселеде белсенділік пен жауапкершілік танытатынына сенімдімін», – деді Ерғали Шамей. 

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
11.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 915
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 1133
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 1140
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 1135
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 1142
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 919

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 12126
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 11040
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 14275
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 13235
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 18249