Референдум нәтижесі шамамен белгілі.

Референдум нәтижесі шамамен белгілі.
Экзит пол бойынша халықтың 70 пайызға жуығы “иә” деп дауыс беріпті. Ал, Amanat партиясының Қоғамдық саяси институты халықтың 72,3 пайызы АЭС құрылысын қолдады дейді. Бұл сауалнамаға 300 ден астам сайлау бөлімшесіндегі 44 мыңнан астам дауыс беруші қатысқан. Көп жағдайда ресми хаттама мен экзит пол нәтижесі сәйкес келіп жатады. Сондықтан орталық сайлау комиссиясының ресми дерегін күту ғана қалды.
Меніңше, бұл жолығы референдумда халықтың белсенділігі жақсы болды. Қызылорда облысы тіпті лидер. Ал, Алматылықтардың тек төрттен бірі дауыс беруге барған.
Президент айтқандай АЭС-ті консорциум салуы әбден мүмкін. Бұл болжамды бір жыл бұрын жазып едім. Енді тағы бір долбар айтайын. АЭС құрылысына шорт парақтағы төрт ел де
қатысуы мүмкін. Яғни, Франция, Оңтүстік Корея, Қытай мен Ресей бірлесіп салатын сияқты.
Мамандар 2029 жылдан бастап энергия тапшылығы сезіле бастайды дейді. Ал ол уақытта біз АЭС-тің тек фундаментін құйып жатамыз. Өйткені жобалық сметасын жасауға бес жыл керек екен. Ал толық аяқтауға 15 жыл қажет. Сондықтан бүгінгі шешімнің нәтижесін тек 2040 жылға қарай көре бастаймыз. АЭС тақырыбы бүгінмен біткен жоқ. Енді ғана басталды деуге болады.
Диас Нұрақын
07.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

Инженер, құрылысшы, қоғам қайраткері марапатталды
Әсем ФАЗЫЛОВА, Алматы облысы - 15.05.2026 54
Субұрқақтар және әсем де жайлы тұрғын үйлер
М. ТАБЫН, Ақтөбе қаласы - 15.05.2026 52
Жаңа ережелер   енгізілуде
А. ХАМИТТЕГІ - 15.05.2026 54
Арнайы мамандар тәжірибе алмасты
А. ХАМИТТЕГІ - 15.05.2026 50

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25133
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24651
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42078
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37939
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42409