Референдум жайлы шетел медиалары не дейді?

Референдум   жайлы шетел   медиалары   не дейді?

«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу  туралы» жалпыхалықтық референдум өз мәресіне жетті. Қазақ елінде өткен маңызды жаңалыққа шетелдік медиалар да көңіл аударып, түрлі ақпараттар таратып жатыр. Солардың ішінде алғашқы болып Түркия Республикасының Сыртқы істер министрлігі 6 мамыр күні ресми сайттарында құттықтау жариялады. «Түркия Қазақстанда өткен Конституциялық заң референдумының тыныш және оқиғасыз аяқталғанына қуанышын білдірді. Қазақстанда кеше болған референдум қазақ халқының үлкен қызығушылық танытуымен тыныш атмосферада өткеніне ризамыз», – депті. Түркия сонымен бірге Қазақстанның тұрақтылығы мен әл-ауқатының мықты болуына тілектестік білдірді. Хабарламада: «Референдум нәтижесі дос және бауырлас Қазақстан үшін қайырлы болуын тілейміз.  Түркия бауырлас Қазақстандағы реформа процесіне қолдауын жалғастырады», – деп жазылған құттықтауда.

Ал көршілес Өзбекстанның БАҚ-тары елімізде өтіп жатқан референдум туралы жаңалықтарды үзбей жариялап отырды. Өзбек басылымдары «Қазақстандықтарды үлкен өзгерістер күтіп тұр», «Халық өз таңдауын жасап жатыр» деп жазды. 

Қырғыз басылымдары да біздегі референдум туралы ақпараттарды көптеп жариялады. Солардың қатарында «Азаттық радиосының» қырғыз тіліндегі арнасында журналист  Кубат Касымбеков «Нурсултан Назарбаев «Элбашы» болбой калды» («Нұрсұлтан Назарбаев «Елбасы» болмай қалды») атты сараптамалық мақала жазыпты. Референдум нәтижесі және «Алматыдағы байкот» туралы тоқталған мақала авторы «Назарбаев саяси аренадан шеттей ме?» атты тақырып астында біраз ізденіс жасап, қалыс пікір айтуға тырысқан екен. 

Ал «Әл-Жазира» телеарнасының қытай тіліндегі басылымы (https://chinese.aljazeera.net/) «Қазақтар Назарбаев дәуірінен құтылу үшін ауқымды реформаларды қолдады» деген мақала жазып, еліміздегі референдум туралы мәлімет бере кетіпті. «Елбасының дәуірі аяқталды» деп жазған мақала автор «Қаңтар оқиғасы» және Ресейдің Қазақстанға ықпалы туралы да айта кеткен.

Францияның халықаралық радиосы «RFI» де «Қазақстандағы Конституцияға өзгерістер енгізу туралы референдум «жеңіске жетті» атты мақала жариялады. Сөз басында еліміздің ресми ақпарат көздеріндегі мәліметтерді жария еткен автор, бұдан ары қарай референдум өткізудің қажеттілігі және билік транформациясы туралы тоқталған. 

«Пайдалы қазбалар мен көмірсутектерге бай Орталық Азиядағы ең ірі ел – Қазақстанда қаңтар айында болған зорлық-зомбылық кезінде 230-дан астам адам қаза тапты. Бірақ қаңтардағы толқулар елдің саяси жағдайында түбегейлі бетбұрыс жасады. Президент Тоқаев бұл дағдарысты бұрынғы президенттің ықпалын тежеу және өзіне жақын адамдарды билікке тарту үшін пайдаланғандай болды. Тоқаев сондай-ақ «Ұлы дала елін» сақтап қалу үшін табиғи байлықтарының пайдасына арқа сүйеген бұрынғы коммунист Назарбаевтың қызметін жоғары бағалады. Назарбаев та, Тоқаев та Батыс және Қытаймен әріптестік қарым-қатынасты сақтай отырып, көршілес Ресеймен тығыз байланыс орнатуды жақтайды», – депті мақала авторы.

Қытай сайттары да еліміздегі маңызды саяси оқиға туралы көптеген ақпараттарды жариялаған. Солардың бастылары ретінде «people.com.cn» (Қытай КП-ның органы Халық газетінің еншілес сайты) «Жергілікті уақыт 5 маусым күні таңертең Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтандағы дауыс беруден кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп: «Бүгін – еліміз үшін тарихи күн. Халқымыз бетбұрысты шешім қабылдамақ», – деді. Биыл наурыз айында Тоқаев Қазақстан Парламентінің жоғарғы және төменгі палаталарының бірлескен отырысында «Жаңа Қазақстан: реформалар мен жаңғыру жолы» атты жыл сайынғы халыққа Жолдауын жариялап, саяси реформалардың кешенді жоспарын ұсынды. Реформалардың кедергісіз жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін Конституцияға 30-дан астам өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет деген еді», – деп аяқтапты мақала авторы. 

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
09.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 84
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 604
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 721
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 633
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 643

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8781
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8180
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11409
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9163
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10394