2024 жылдың 4 маусымында Ресей Федерациясының (РФ) Жоғарғы соты AstraZeneca иелігіндегі №2746132 II типті қант диабетін, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі мен бүйрек ауруын емдеуге арналған түпнұсқа препаратқа патент берілгенін және заңға сәйкес ұзартылғанын, сондай-ақ оның қолданылуын сақтайтынын растады (патент 2028 жылға дейін жарамды). Бұған қоса, Жоғарғы cот Роспатент пен AstraZeneca-ның шағымдарын қанағаттандырып, Зияткерлік құқықтар соты Президиумының 06.10.2023 жылғы №ЗҚС-570/2022 ісі бойынша қаулысының күшін жойды. Осы құжатта препаратқа қатысты басқа патент аясында даулы ұстаным болды.
Бұл сот актісі фармацевтика саласы үшін зияткерлік меншікті қорғаудың сөзсіз басымдығын тағы бір мәрте айқындап өтті. AstraZeneca компаниясы Ресей Федерациясы Жоғарғы сот органының ұстанымы реттеушілер үшін бағдар болып, оригинатор-компанияларға да, сондай-ақ инновациялық дәрі-дәрмектерге мұқтаж көптеген пациенттер үшін де жаңа үміт сыйлайды деп сенеді. Түпнұсқа препаратқа патенттік қорғауды айналып өтіп, жалпы көшірмелерді азаматтық айналымға заңсыз шығару дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге және озық фармацевтика өнеркәсібінің дамуына теріс әсер етеді. Өз кезегінде, зияткерлік құқықтарды қорғау ресейлік пациенттер үшін инновациялар қолжетімділігінің және қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамытудың маңызды кепілі болып табылады.
AstraZeneca өзінің түпнұсқа препаратының патенттік қорғалуын қамтамасыз етуді жалғастырады, 2028 жылы патент аяқталғанға дейін азаматтық айналымға жалпы көшірмелерді заңсыз енгізу әрекеттерін тоқтатады және өз мүдделерін қажет болған жағдайда сот органдарында қорғайды.
AstraZeneca компаниясы туралы
AstraZeneca онкология, кардиология, нефрология және метаболизм, тыныс алу және аутоиммундық, сондай-ақ сирек кездесетін аурулар сияқты терапевтік салаларда рецепт бойынша дәрі-дәрмектерді зерттеуге, әзірлеуге және нарыққа шығаруға бағыт алған халықаралық инновациялық биофармацевтикалық компания болып табылады. Штаб-пәтері Кембриджде (Ұлыбритания) орналасқан AstraZeneca компаниясы 100-ден астам елде таныстырылған және оның инновациялық препараттарын бүкіл әлем бойынша миллиондаған пациенттер пайдаланады.
Компания жаңалықтарымен astrazeneca.kz сайтынан танысыңыз.