Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 9,10-сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсының аудандық кезеңі өткізілді.
Аталмыш конкурстың мақсаты туған жер тарихына қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойына ұлтжандылықты қалыптастыру, өзінің туған өлкесінің тарихын және құндылықтарын мақтаныш сезімін жеткізу болды.
Екі кезең бойынша өткізілген байқауда ауданның 12 мектебінен 28 оқушы қатысып, 1-турда Қазақстан тарихы пәнінен тест тапсырса, 2-турда «Менің шағын Отаным» тақырыбында өз жұмыстарын қорғады. Онда алар өз туған өлке тарихы мен ұлттық құндылықтарды мақтаныш сезімімен жеткізу барысында түрлі презентациялар және бейнефильм форматтарында жобаларын қорғап, көпшілікке ұсынды.
Конкурс ережесіне сәйкес әр номинация бойынша оқушылар жүлделі орындармен марапатталып, үздік шыққан жобалар облыстық кезеңге жолдама алды. Нақтырақ айтар болсақ Т.Рысқұлов атындағы тірек мектебінің 9-сынып оқушысы Нұрдаулет Сағадин, Ә.Төлепбергенов атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Тоғжан Төрехан, Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының 10 «ә» сынып оқушылары Балауса Мақұлбек, Кәусар Төлеген облыстық кезеңге жолдама алды.
****
Ағымдағы жылдың 16 қазан күні Тараз қаласы, №64 орта мектебінде облыстық «Менің шағын Отаным» интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңі өтті.
Конкурсқа қатысқан мойынқұмдық оқушылар ерекше жобаларымен көзге түсіп, марапат төрінен көрінді. Атап айтар болсақ Т.Рысқұлов атындағы тірек мектебінің 9-сынып оқушысы Нұрдаулет Сағадин «Менің кіші Отанымның тарихы» номинациясы бойынша 3-орын, Ә.Төлепбергенов атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Тоғжан Төрехан «Менің кіші Отанымның символы» номинациясы бойынша 3-орын, Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының 10 «ә» сынып оқушылары Балауса Мақұлбек, Кәусар Төлеген «Менің шағын Отанымның болашағы», «Менің шағын Отанымның тарихы» номинациялары бойынша 3-орын иеленді.
Облыстық кезеңде жүлделі орындарға ие болған оқушыларды құттықтай отырып, ерекше жобаларды іске асыруына сәттілік тілейміз!