Республикалық репродуктивті денсаулық апталығы өтті

Республикалық репродуктивті денсаулық апталығы өтті
Құрметті достар!
Жуырда біз болашақ ұрпақтың денсаулығы мен әл-ауқаты үшін қамқорлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ауқымды ақпараттық-ағартушылық науқан – Республикалық репродуктивті денсаулық апталығын қорытындыладық.
12–16 мамыр аралығында өткен бұл науқан Мемлекет басшысы жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен екінші жыл қатарынан жүзеге асырылды.
Биылғы ақпараттық апталық аясында отбасын жоспарлау, ерлер мен әйелдер денсаулығы, адам папилломасы вирусының және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдын алу сынды маңызды тақырыптарға ерекше көңіл бөлінді.
Апталық барысында 20 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылып, шамамен 500 мың адамды қамтыды. Бұл — өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп көрсеткіш. Әлеуметтік желілерде апталық хэштегтерімен 360 мыңға жуық жазба жарияланды. Бұқаралық ақпарат құралдарында 1,5 мыңнан астам материал жарық көрді. Сонымен қатар 78 мыңнан астам тегін кеңес беріліп, 8 мыңнан аса ЖЖБИ/АИТВ бойынша тестілеу жүргізілді.
Бұл нәтижелер — Ұлттық комиссия мүшелерінің, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, сарапшылық және ғылыми қауымдастықтардың бірлескен қажырлы еңбегінің арқасы.
Науқанға белсенді атсалысқан барша әріптестерге — Денсаулық сақтау, Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктерінің мамандарына, сондай-ақ БҰҰ халықтың қоныстануы саласындағы қоры (ЮНФПА), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ), ЮНЕСКО сияқты халықаралық серіктестерімізге және отандық үкіметтік емес ұйымдарға — КАРМ, Saulyq LIFE, YPEER, Ұлттық волонтерлік желі мен басқа да серіктестерімізге шынайы алғысымды білдіремін.
Біз ортақ мақсат — келешек ұрпақтың саулығы үшін тиімді ведомствоаралық өзара іс-қимыл үлгісін көрсете алдық.
Тағы да баршаңызға үлкен рақмет!
Ұлттық комиссия репродуктивті денсаулық мәдениетін дамыту ісін басты назарда ұстап келеді және бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да белсенді түрде жалғасады. Себебі тек ақпараттандырылған, денсаулық мәселелері жайлы ашық сөйлесе алатын әрі саналы шешім қабылдайтын қоғам ғана дені сау ұрпақты тәрбиелей алады.
 
26.05.2025

Ұқсас жаңалықтар

ЖЕМҚОРларМЕН КҮРЕС – ОТАНҒА ҮЛЕС
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 75
ЖАС САРБАЗДАР САҚАДАЙ САЙ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 65
РУАНДА – ЕЛІМІЗДІҢ АФРИКАДАҒЫ ДОСЫ
Нағашыбай Қабылбек - 28.05.2025 49
ШЫҒЫСТАҒЫ  ШЫРАЙЛЫ ЖҮЗДЕСУЛЕР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 28.05.2025 67
РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚ – ҰЛТ ҚУАТЫ
Ш.МЕКЕНБАЙ, Түркістан облысы - 28.05.2025 62
ШЫҒЫСТАҒЫ  ШЫРАЙЛЫ ЖҮЗДЕСУЛЕР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 28.05.2025 67
ЖЕМҚОРларМЕН КҮРЕС – ОТАНҒА ҮЛЕС
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 75
ЖАС САРБАЗДАР САҚАДАЙ САЙ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 65
Ел болашағы –   өз қолымызда
Іңкәр БИТИМОВА - 23.05.2025 270
Бөлінген қаржы қаңғыбас иттен құтқара ма?
Қарлығаш ШАҢҒАРАҚШЫ - 23.05.2025 295
Жәнияның   алтын медалі
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 22.05.2025 274

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 13170
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 13150
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 28266
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 26957
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 30443