Республикалық студенттер форумы

Республикалық студенттер форумы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық тараз инновациялық институты «БІЛІМ. ҒЫЛЫМ. ЖЕТІСТІК» тақырыбында республикалық студенттер форумын өткізді.

Форум аясында Ықылас Дүкенұлы атындақы қалалық мәдениет үйінде «ХТИИ ректорының кубогы» үшін облыстық Жайдарман» жекпе-жек ойыны өткізлді. Жайдарман ойынын Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының президенті, ф.ғ.д., профессор, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Ерболат Байұзақұлы Саурықов ашты.

«Бүгінгі ойын жас жайдарманылардың шабытын шыңдайтын, жайдарманға деген көрермендердің шөлін қандыратын ойын болады деген ойдамын. Жайдарман талантты да, дарынды жастардың ортасы. Осы арқылы талай жастарымыз жоғары биіктерді бағындырып жүргенін баршаларыңыз білесіздер. Біз және бәздің оқу орны әрдайым талантты жастарды қолдауға дайыбыз. Бүгінгі форум аясында Студенттік өзін-өзі басқару жүйесін және жастар ұйымдарының жұмысын дамыту жолдары» тақырыбында студенттік конференция, «Ахмет Байтұрсынұлы: Ұлт ұстазының жолымен» тақырыбында «ITII CUP - IV» үшін студенттер арасында республикалық пікірсайыс турнирі, «Әділетті Қазақстан – Әділетті қоғам» тақырыбында «ХТИИ ректор кубогы» үшін  облыстық Жайдарман ойыны және семинарлар, теренингтер мен түрлі нетворкинг шаралар өткізілуде» - деді Ерболат Саурықов.

Бүгінгінгі ойынға облыстың сегіз мықты командалары қатысып, бақ сынады. Олар Олар алдын ала анықталған жеребеге сәйкес жекепе-жек ойын көрсетті. Жеңімпаздараға ұйымдастыруышылар тарапынан қаржылай сыйлықтар табыс етілді.

«Бүгінгі жайдарман облыстағы жайдарманшылардың басын қосып, көрермендерге көңілді кеш сыйлады.  Еліміздегі санитарлық жағдайларға байланысты соңғы уақыттарда өтпегеніне байланысты көрерменнің көңілінен шықты» - деді Уалихан Болатбек.

 

12.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 08.05.2024 38
ТӨЛЕБИДЕ ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 08.05.2024 21
ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 08.05.2024 30

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1336
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7379
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11249
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7431
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7587