Республикалық жетекші медициналық орталықтардың дәрігерлері манту сынамасыз екпе алған ақтөбелік оқушыларды тексерді

Республикалық жетекші медициналық орталықтардың дәрігерлері манту сынамасыз екпе алған ақтөбелік оқушыларды тексерді

Бүгін Ақтөбеге ҚР Денсаулық сақтауминистрлігінің арнайы комиссиясы келдіДелегацияны денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитарлық дәрігер АйжанЕсмағамбетова басқарды.

Комиссия мүшелері алдын ала манту сынамасызБЦЖ вакцинасымен қайта егілген 74 мектептің 1-сынып оқушыларының ата-аналарымен кездесті.

«Жағдай министрдің жеке бақылауында. Қызметтік тергеу басталды, комиссия құрылды, жоспардан тыс тексерулер де ашылды.Эпидемиологиялық тексерудің қорытындысы бойынша және сараптама нәтижесінің негізінде оқиғаға баға беріліп, медицина қызметкерлерін жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылданады. Барлық балалар жіті бақылауда болады», - деді А.Есмағамбетова.

Кездесу барысында ата-аналар мамандарға көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

Барлығы 42 бала манту сынамасыз БЦЖ вакцинасын алдыБалалардың жалпы жағдайықанағаттанарлық. Олар мектепте сабаққа қатысып, сонымен қатар медициналық тексеруден өтеді. Бүгін оларды Ақтөбеге келгенреспубликалық ұлттық фтизиопульмонологиялықорталықтыңпедиатрия және балалар хирургиясығылыми орталығының жетекші мамандарытексерді.

Жағдай Ақтөбе облысының әкімі ЕралыТоғжановтың ерекше бақылауындаАймақбасшысының тапсырмасымен бүгін мектепмемлекеттік емхананың қызметіне берілдіБалалардың денсаулығын тұрақты бақылаумақсатында қаладағы үздік дәрігерлердіңарасынан шыққан педиатрлар екі ай бойы білімошағында кезекшілікте болады. 

 

 

Ақтөбе облысының баспасөз қызметі
29.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5389
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5545
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20512
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19143
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22605