Резеңке жабындар өндірісі артып келеді

Резеңке жабындар өндірісі артып келеді

2024 жылдың алғашқы үш айының қорытындысына негізделгенде елімізде резеңке жабындар өндірісінің көлемі артқандығы байқалған. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің сайтында хабарланды. «Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында елімізде резеңке жабындар өндірісі 16,7 есеге өсті. Өткен жылдың осы кезеңінде 18,9 тонна резеңке үгіндісі өндірілсе, биылғы жылы 316,4 тоннаға жетіп отыр», – дейді министрліктің баспасөз қызметі.

«QazIndustry» АҚ ТМК және химия өнеркәсібін дамыту дирекциясы мамандарының пікірінше, өндірістің жоғары өсім көрсетуі Марокко еліне өнім экспортының айтарлықтай өсуімен және Аргентина, Бразилия және Сенегалда жаңа нарықтардың пайда болуымен байланысты. Резеңке үгіндісі,  бұл – автокөлік дөңгелектерінің қалдықтарын ұнтақтау нәтижесінде пайда болатын дисперсті материал. Ол түйіршік түрінде шығарылады және тозуға төзімділігі жоғары болып келеді. Резеңке үгінділері қауіпсіздігі жоғары тақтайшалар мен жабындар жасау үшін қолданылады. Негізінен тұрғын үй аулаларындағы балалар алаңдары мен спорт алаңдарында, автотұрақ аумақтарында және т.б. төселеді. Үгінділер таза күйінде бокс грушаларына, қаптарға салынады.  Сондай-ақ, түйіршіктер футбол алаңдарына жайылып, содан кейін үстінен жасанды шөп жабыны төселеді. Резеңке үгінділері әрлеу құрылыс материалдары және автокөлік аксессуарларын жасауға да пайдаланылады. Қазақстанда резеңке жабындарының өндірісімен «ЭКО Шина», «Kazakhstan Rubber Recycling», «New Eco City» және т.б. кәсіпорындар айналысады», – делінген хабарламада. 

Бұл өңдеу өнеркәсібі саласының дамып келе жатқандығының бір көрінісі болып табылады. Қазіргі күні бұл өнім Қытайда молынан өндіріледі. Бұл саланы дамытудың тиімділігі ең әуелі өндірісті дамытуға, онан да маңыздысы қоршаған ортаның жақсаруына тиімді болмақ. Себебі автокөлік дөңгелектерінің қалдығын жинап, өңдеу, онан сапалы өнімдер даярлау саласы шығыны аз, пайдасы мол бизнес түрі болып табылады.            

 

ЕРҚАЗЫ СЕЙТҚАЛИ
22.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 15
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 20
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 2
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 8
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 12
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 10
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 17
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 20
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 249
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 244
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 869

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8941
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8333
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11561
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9319
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10545