Риддердегі төтенше жағдайға шенеуніктер кінәлі

Риддердегі  төтенше жағдайға  шенеуніктер кінәлі

    Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов: «Риддер қаласындағы жылу станциясындағы төтенше жағдайға шенеуніктер кінәлі. Өйткені, облыстық департаменттің жауапты қызметкерлері нақты іс-әрекет етпеген, дабыл қағып, жағдайды тиісті органдарға хабарламаған. Керісінше «жылу мекемесінде барлығы жақсы» деп, «станция қыс маусымына дайын» деген тұжырым жасаған. Олар тіпті Риддердегі жылу электр орталығына бірде-бір рет бармаған. Жылу электр орталығынан шыққан ақау салдарынан  бүтін бір қазандық цехі істен шығып, 60 мыңға жуық халқы бар кеншілер қаласы әбігерге түсті. Облыс әкімдігіне жедел әрі ұтымды шешім қабылдауға тура келді. Соның арқасында қазір жағдай тұрақталды. Алайда Риддердегі апат аяқ асты болды деуге келмейді. Демек, айыптылар жазасыз және жауапсыз қалмауы тиіс»,– дей келіп,  Энергетика министрлігінің өңірлік департаменті басшысына: «Сіз қазандықтардың мүшкіл халін білмегенсіз бе? Неге мемлекеттік қызметкер ретінде өз міндетіңізді атқармадыңыз? Неге өз Министріңізге хат жолдап, басқа да құзырлы органдарды хабардар етпедіңіз? Неге дабыл қақпадыңыз? Жалпы Риддердегі жылу стансасын тексеру туралы прокуратураға арызданып көрдіңіз бе?» – деп шүйлікті. Әкім сөзінің соңында: «Ақыры осындай бейғамдық салдарынан халық жапа шекті. Бүтін бір қалада техногенді сипаттағы Төтенше жағдай жарияланды. Сол себепті мен өз міндеттеріне аса  салғырттық танытқан мамандар жауапқа тартылу керек деп санаймын», – деп кесіп айтты. 

Ермек Сахариев
19.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5300
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5460
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20425
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19059
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22520