Руһани жаңғыру. Облыстық «Өнерлі өрге жүзер» байқауы мәресіне жетті.

Руһани жаңғыру.  Облыстық «Өнерлі өрге жүзер» байқауы мәресіне жетті.

 Балалар жылы аясында Бурабай ауданында Ақмола облыстық мәдениет басқармасының жанындағы Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен «Өнерлі өрге жүзер» атты облыстық өнер байқауы өтті.

Байқау: – балалар шығармашылығы, оны ұйымдастыратын  ұжымдар мен жас орындаушыларды қолдаумен қатар   қатысушылардың орындаушылық қабілет  шеберлігін  шыңдап, өнерге құштарлық ынтасын жетілдіру, байқаулар арқылы аудан аралық мәдени байланысты дамыту және нығайту, өнер саласын өңірлік бағдарламаларға тарту, заман тавлабына сәйкескен  шығармашылықты дамыту, балалар шығармашылығының өрісін кеңейтіп ел арасына  танымал етуді мақсат тұтты.

Байқауға қала,  аудандардан 9-15 жас аралығындағы дарынды балалар қатысты. Байқау онлайн форматта қатысушыларды іріктеу, гала-концерт және жеңімпаздарды марапаттау тәрізді екі кезеңде өтті.

Талантты және дарынды жас орындаушыларды анықтауға және қолдауға, орындаушылық шеберлік деңгейін арттыруға бағытталған «Өнерлі өрге жүзер» байқауының қорытындысы бойынша шығармашылық сайысқа белесене қатысқаны үшін ұйымдастыру алқасының дипломен және естелік сыйлықпен Целиноград ауданы Аманжол Аяулым, Қорғалжын ауданы «Angels» заманауи би студиясы, Ерейментау ауданы «Элегия» би ұжымы, Целиноград ауданы «Нәзік» би тобы, Зеренді ауданы Сәбетхан Қажымұқан, Ерейментау ауданы Бошан Айғаным, Бұланды ауданы Елеш Нұрғиса, Сандықтау ауданы «News» вокалдық тобы, Целиноград ауданы Хамидолла Інжулер  марапатқа ие болды. Келесі аталымдар бойынша жүлдегерлер анықталды. «Үздік дәстүрлі әнші» аталымы бойынша (13-15 жас) Ерейментаулық Ержан Иманжан, (9-12 жас) Көкшетаулық  «Нұрбосын» дуэті,  «Ұлттық музыкалық аспаптарда үздік орындаушы» аталымы бойынша (13-15 жас) Ерейментаулық Анафина Алина, «Үздік эстрадалық әнші» аталымы бойынша (13-15 жас) Көкшетаулық Мерғасым Мансұр, (9-12 жас) Целиноградтық Төрекелді Темірболатов,  «Үздік хореографиялық ұжым» аталымы бойынша Степногорск қалалық «Қазына» хореграфия ұжымы, Қорғалжын ауданы «Айғаным» би студиясы жүлдегер атанып, марапатқа ие болды.   Қорытынды гала-концертте әділ-қазылар алқасы қазақ халқының дәстүрлі мәдениетін сақтауға, дамытуға қосқан үлесі мен шығармашылығы үшін балғын өнерпаздарға алғысын білдіріп, жеңімпаздар мен барлық қатысушыларға дипломдар мен естелік сыйлықтарды табыстады.

                                                             

 

Дахан ШӨКШИР
16.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 355
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6460
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 8169
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6540
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 6676