Рухани астанада – рухани іс-шара

Рухани астанада – рухани іс-шара

Әрине, былтырғы жылдан бастап мәдени іс-шаралар шеруі тоқтап қалды десек те болады. Індеттен сақтану, оны таратпау, карантин талаптары көпшіліктің басын қосуға мүмкіндік бермеді. Қазір Түркістан облысы жасыл аймақта. Осыған байланысты мәдени іс-шаралар да ұйымдастырыла бастады. Облыстық Мәдениет басқармасына қарасты мәдениет және халық шығармашылығы орталығы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тұғыры биік Тәуелсіздік» деген атаумен облыстық «Халықтық» (Үлгілі) атағы бар театрлар фестивалін ұйымдастырғаны осы сөзімізге дәлел бола алады.

Р.Сейтметов атындағы Түркістан сазды-драма театрында шымылдығы түрілген шараның ашылу рәсіміне облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Темірханұлы арнайы қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі. «Басқа өнер түрі сияқты театр да қоғамдық ой-сананың негізгі бір формасы болып саналады. Халықтық театрының құрамында бір кездері мен де бірнеше рөл ойнаған едім. Сондықтан әрбір ұжымның еңбегін бағалаймын және барлық қатысушыға сәттілік тілеймін», – деді А.Темірханұлы.

Ұйымдастырылып отырған фестивальдің негізгі мақсаты – тарихи қойылымдарды сахналау, театрлардың репертуарында отансүйгіштікке тәрбиелейтін, патриоттық рухты оятатын шығармалардың орын алуына және облыстағы «Халықтық» (Үлгілі) атағы бар театрлардың өнерін насихаттау, бір-бірімен іс-тәжірибе алмасу және шығармашылық байланыстарды нығайту, тығыз қарым-қатынаста болуына ықпал ету.

Үш күнге созылған театрлар сайысына облысқа қарасты аудан-қалалардан 15 театр қатысты. Өнер ұжымдарының жұмысын жазушы, режиссер, драматург, театр педагогы Асылбек Ихсанов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актрисасы Айнұр Бермухамбетова және Өнертану ғылымдарының магистрі, театртанушы Тимур Ахметов бағалап, қазылық етті. Өнер сайысында топ жарған ұжымдарға жүлделі орындармен қатар, «Үздік режиссерлік шешім», «Үздік ер адам рөлі», «Үздік әйел адам рөлі», «Үздік эпизодтық рөлі», «Үздік музыкалық безендірілген қойылым», «Үздік қоюшы-суретші» секілді номинациялар да тағайындалды. Кесене маңындағы ботаникалық бақта өткен рухани кеште Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филормониясының «Сүгір» атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі, «Астана Балет» театрының өнерпаздары мен танымал әншілер өнер көрсетті.

Өнер сайысын, рухани-мәдени іс-шараларды сағынып қалған өнерсүйер қауым өнер додасын барынша қызықтай тамашалады.

Осындай игі іс көрініс берген мезет қарсаңында тағы бір қуанышты оқиға орын алып, рухани астанада «Астана Балет» театрының гастрольдік сапары ұйымдастырылды. Бұл іс-шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында, Мәдениет және спорт министрлігінің, Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен өтіп отыр. Балет театры ұжымы ұлы даламызда болған түрлі оқиғаларды би тілімен баяндауды жөн көріпті. Астаналық ұжым заманауи «Конгресс Холл» ғимаратында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Тәти мен Мукарам Авахридің «Ұлы Дала мұрасы» атты туындысын сахналады. Қойылымға Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өзі бастап, өзге де өнерсүйер қауым қатысты. Түркістан төрінде сахналанған бағдарлама Еуропа мен Американың ірі қалаларында көрсетіліп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленген болатын.

«Қазақ халқының ұлттық биінің тамыры тереңде. Мұнда біз халқымыздың талай ғасырдан бері жалғасып келе жатқан көркемдік ұстанымдарын, дүниетанымын тани аламыз. Театрымызда біз осы күнге дейін сақталып келген бай мұрамызға сүйене отырып, ұлттық пластика тілін байыта түсудің тың жолдарын да іздестіруге күш салып келеміз. Менің бір байқағаным, қай биді орындасақ та, адамның тәні әлдебір ұлттық кодты сақтап тұратын қасиетке ие. Мұны сөзбен айтып жеткізу, түсіндіру мүмкін емес. Бұл табиғи түрде көрініс табатын дүние. Соның арқасында кез-келген қарапайым қимылдың өзіндік, бірегей сипаты көрініп тұрады», – дейді авторлардың бірі Айгүл Тәти.

Қазақ халқының болмыс-бітімін паш еткен қойылымда мың бұралған бишілер жоғары деңгейде өнер көрсетті. Ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен өткен кеш жұртшылыққа асқақ рух, эстетикалық ләззат сыйлады. Елордалық балет театрының көркемдік жетекшісі Нұрлан Канетов.

«Түркі әлемінің рухани астанасына гастрольдік сапарымыз Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы аясында өтіп отырғанына көңіл аударғым келеді. Көрермен қауым ұлы даланың асыл мұрасын сақтап, келер ұрпаққа жеткізу жолындағы қадамымызға оң бағасын берер деген сенімдеміз», – деген ойын айтып, түркістандықтарға, Түркістандағы өзгерістерге ризашылығын білдірді. Әрине үлкен сахналарда өнер көрсетіп жүрген ұжымның еңбегі мен жергілікті тұрғындарға деген ілтипаты түркістандық өнерсүйер қауымның көңілінен шығып, көпке дейін жадыда жүретін жаңалық болғанын жасырмайды.

 

Ш.Молдабек
01.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 70
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 72
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 176
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 176
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 317
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 318
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 540
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 488

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9191
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8589
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11817
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9586
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10800