Аталған жоба бойынша Жамбыл облысы «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің ұймдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Рухани керуен» өз жұмысын бастап Тараз қаласынан Байзақ ауданына аттанып ары қарай аймағымыздың әр аудандарын аралап Тарихы терең Тараз төріне оралды.
«Рухани керуен» жобасының «Ұлыстың ұлы күні» атты қортынды іс-шарасы Ықылас Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінің алдында болып өтті. Салтанатты жиынға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Календеров қатысты.
— Облыс жұртшылығы арасындағы мәдени және рухани байланысты күшейту мақсатындағы «Рухани керуен» өз жұмысын бастап Тараз қаласынан аттанып облыстың әр ауданында болып, Ел-анасы мен батагөй қария тағы басқада ұлттық спорт, қолөнер шеберлері, атбегі мен құсбегілер, дарынды жастар, қоғам белсенділері мен кездесіп, өңірдің тыныс-тіршілігімен танысып қайтқан болатын, — деді Нұржан Сабитұлы.
Ұлттық құндылықтарды ұлықтаған «Рухани керуен» жобасының марапаттау салтанаты бойынша 1 орын Қордай ауданына бұйырса, 2 орынды Сарысу ауданы қанжығасына байлады, 3 орынды Жуалы ауданы мен Жамбыл ауданы өзара бөлісті.
Кеш соңы аудандарда ерекшеленген өнер иелерінің қатысуымен Гала-концертке ұласты.