«Рухани керуен» жобасы аясында Сарысу ауданынан Жамбыл ауданына келген көш «Тарихқа тағзым күні » атты мерекелік концертін ұсынды.
Сарысу ауданынан келген рухани керуенді аудан басшылары бастаған топ пен зиялы қауым өкілдері күтіп алды. Сарысулықтар Жамбылдықтарға өз сый-сыяпатын ұсынып, құрмет көрсетті. Одан әрі, Айша бибі кесенесіне барып құран бағыштап, аудандағы киелі саналатын нысандарды аралады. Рухани керуен тобын күтіп алу рәсімі Айша бибі ауылдық мәдениет үйінде жалғасын тапты. Мұнда ұлттық нақыштағы киімі мен өнері үйлескен аудан азаматтары әсем ән мен жырдан шашу шашты.
https://taraztv.kz/kz/news/culture/ruhani-serpilis-ekelgen-keruen?_utl_t=wh&fbclid=IwAR1hs7ryFRy1_AwerP1zfUjgtZscQDWDHIxWBmNgatnvue5-dJEM7kop-8M