Рухани - ұлттық құндылықтардың маңызы қандай?

Рухани - ұлттық құндылықтардың маңызы қандай?

Адамзат баласы үшін әсіресе қазіргі кезеңде  рухани құндылықтардың маңызы  өте зор. Технологияның тез өсіп, ақпараттың жедел  таралуы және жаһанданудың әсері  күнделікті өміріне үлкен өзгерістер әкелуде. Дегенмен, осы өзгерістермен қатар, адамгершілік, мәдениет және этика сияқты рухани құндылықтар да өз маңыздылығын жоғалтпауы тиіс.

  Рухани құндылықтар дегеніміз - бұл адамгершілік, әділдік, мейірімділік, сыйластық  секілді ұғымдарды білдіреді. Сондай-ақ қоғамдағы тұрақтылық пен  адамдар арасындағы үйлесімділік,  жан дүниесінің байлығы. Бүгіндері біраз жандар технология мен материалдық байлыққа көп көңіл бөліп, ал рухани құндылықтарды елеп-ескере бермейді. Өмірдің мәні мен қызығы осы деп есептейді. Алайда рухани  құндылықтарсыз қоғам дамымайды және алға баспайды.

 Астарына үңілсек, рухани құндылықтар адам баласының  өмір сүруінің негізі екен. Олар жақсылық, адамгершілікке және айналамызға махаббатпен, мейірімділікпен қарап, дұрыс қарым-қатынас жасауға баулиды. Әрбір отбасылар, білім беру жүйесі және қоғамдық ұйымдар рухани құндылықтарды насихаттап,  дамыту үшін жан-жақты қолдап, көп жұмыстар істеуі тиіс. Осы арқылы ғана  біз технологиялық - материалдық жетістіктермен бірге  рухани жағынан  да өсіп, толыққанды біртұтас қоғам бола  аламыз.

  Қазақ халқының ұлттық және рухани құндылықтар жөнінде танымы мен сенімі ерекше десе де болады. Олар ұлттық құндылықтарды ерекше қадірлеп, қастерлеп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келеді.  Ал асыл дінімізді адам мен қоғам арасын жалғастырушы, жарастырушы ретінде  бағалаған. Оны адамға үлгі-өнеге беретін, көкірекке мейірім ұялататын  және жан мен тән тазалығын сақтайтын  рухани қасиет деп бағалаған. Ұлттық құндылықтар –  ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары болып саналады. Ежелден бізге жеткен халықтың қазынасы –  тілі, діні, салт-дәстүрі, әдебиеті мен өнері ұлтымыздың рухани байлығы.

   Ертеден ата-баларымыз  бала тәрбиесіне өте қатты  көңіл бөлген. Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі – бұл ешқандай ұлтпен салыстыруға келмейтін тәрбие десек те болады. Ұлттық тәрбиенің негізіне баланың кішкентайынан-ақ  ұлттық құндылықтарды дәріптеу, елімізді, туған жерімізді, дініміз бен тілімізді құрметтеу  жатады. Қоғамымызда Отанын сүйетін патриот, ұлттық рухы биік парасатты азамат тәрбиелеу үшін біз рухани-ұлттық құндылықтарымызды әрқашан басшылыққа алып отыруымыз керек. Әрбір азамат үшін еліміздің өркендеп-өсуі үшін  ұлттық ерекшелігіміз бен ұлттық құндылықтарымызды сақтау – үлкен міндет пен жауапкершілік болып табылады.

Шаргүл Қасымханқызы
24.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 130
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 129
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 645
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 763
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 677
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 688

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8824
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8222
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11449
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9204
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10433