Шаһардың дамуына оң ықпал етеді

Шаһардың дамуына  оң ықпал етеді

Орал қаласының əкімі Миржан Сатқановтың қала тұрғындарымен кездесулері жалғасуда. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Шаһар басшысы Миржан Мұнайдарұлының кезекті тұрғындармен кездесуі қаладағы «Достық үйі» ғимаратында өтті. Сұрақ-жауап форматында өткен жиында оралдықтардың басым көпшілігінің сауалы әлеуметтік мәселелерге қатысты болды. Қала әкімі М.Сатқанов кездесуге келген тұрғындардың сұрақтарына нақты жауап беріп, тұрғын үй, құрылыс, коммуналдық салалар бойынша тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді.

«Жиын соңында алдағы уақытта тұрғындармен бетпе-бет тұрақты кездесіп тұратынын айтқан шаһар басшысы мұндай кездесулер халықтың қажеттіліктерін ескеруге себепкер болатынын және шаһардың дамуына оң ықпал ететінін жеткізді. Кездесуден кейін қала басшысы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады», – деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

 Сонымен қатар Орал қаласының әкімі Миржан Мұнайдарұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырып, шаһардың бірқатар аудандары және саяжай тұрғындарымен «ашық микрофон» форматында жүздескенін жеткізді.

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО, Орал қаласы
05.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5333
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5490
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20457
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19088
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22550