



«Сайлауалды уәделердің орындалуына қоғамдық бақылау күшеюде. Өңірлік Жол карталарындағы барлық көрсеткіштерге жауапты депутаттар айқындалды. Одан бөлек, Жол картасының бөлімдері Бюроға, ал индикаторлары Саяси кеңестің мүшелеріне бекітілді. Сонымен бірге, барлық деңгейдегі депутаттарға округтер бекітіліп берілді. Яғни, депутаттар өздеріне бекітілген округ халқымен тығыз байланыста жұмыс жасап, аумақтағы проблемалық мәселелердің оң шешілуіне атсалысулары керек. Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысы проактивті форматқа ауысты. Наурыз айынан бастап облыстық филиалдың ұйымдастыруымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, Саяси кеңес мүшелері, жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай және Мойынқұм аудандарының шалғай елді мекендерінде көшпелі мобильді қоғамдық қабылдаулар өтті. Қабылдау барысында 300-ден астам тұрғынның өтініш-тілектері тыңдалып, партиялық бақылауға алынды», – деді Дауыл Ынтықбайұлы.
