Сайлаудың нәтижесі белгілі болды

Сайлаудың   нәтижесі   белгілі болды

Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) 24 тамыз күні Қазақстандағы Құрылтай депутаттарының сайлауы бойынша дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады. 24 тамыз таңертеңгі жағдай бойынша дауыс берудің алдын ала нәтижелері келесідей:

«Әділет» партиясы – 71,17 пайыз;

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) – 5,11 пайыз;

«Байтақ» жасылдар партиясы – 1,7 пайыз;

Қазақстанның халық партиясы (ҚХП) – 3,10 пайыз;

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 6,26 пайыз;

«Ақ жол» демократиялық партиясы – 5,21 пайыз;

Respublica – 5,56 пайыз;

«Барлығына қарсымын» – 2,51 пайыз.

Партиялар Құрылтайға өту үшін жалпы дауыс берушілер санының кемінде 5 пайызын жинауы тиіс болатын. ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, сайлаушылардың жалпы саны 12 623 289 адам болған. Сайлауға 9 351 539 адам немесе тізімге енгізілген азаматтардың 73,8 пайызы қатысты.

Елімізде сайлау учаскелері жабылғаннан кейін бірден дауыстарды санау басталды. Содан кейін аумақтық комиссиялар ОСК-ға нәтижелер бойынша есеп береді. Орталық сайлау комиссиясы қорытындыны арнайы отырыста шығарады. Соңғы қорытындылар 30 тамызға дейін белгілі болады.

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
26.08.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 27445
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26954
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 44278
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 40036
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 44617