САЙРАМДА АУМАҚТЫҚ ҚОРҒАНЫС САЛАСЫ АЯСЫНДА ЖИЫН ӨТТІ

САЙРАМДА АУМАҚТЫҚ ҚОРҒАНЫС САЛАСЫ АЯСЫНДА ЖИЫН ӨТТІ
Сайрам ауданында әскери міндеттілердің әскери оқу-жаттығу жиыны өтті. Салтанатты жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты О. Құспеков, облыстық жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасының басшысы С. Бүрлібаев, Түркістан облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің бастығы А.Төлешов, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы
К. Үштаев, облыс әкімінің әскери қауіпсіздік бойынша көмекшісі А. Әлімқұлов және облыстық мәслихаттың депутаты Б.Айтулов және аудан әкімінің орынбасары М. Әліпов қатысты.
Шараға қатысушылар батыр бабаларымыздың бізге аманат етіп қалдырған ұлан-байтақ жерімізді жауға бастырмай, көздің қарашығындай қорғап жүрген жауынгерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, әскери жиынға қатысушыларға алғыстарын айтты.
Жиын аясында әскери міндеттілердің ұрыс алаңындағы қойылымы көрсетілді.
Одан бөлек, оқу-жаттығу барысында объектілерді, коммуникацияларды күзету және халықты қорғау секілді маңызды міндеттер мен тиісті тапсырмаларды ойдағыдай орындаған жауынгерлер Алғыс хаттармен марапатталды.
Айта кетейік, 24 маусым мен 3 шілде аралығында Сайрам ауданының 120 азаматы Түркістан облыстық аумақтық қорғаныс бригадасымен бірлесе арнайы-тактикалық оқу-жаттығуын өткізген болатын.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
04.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Заңға қол қойды
Алишер Сатвалдиев - 08.07.2024 61
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІК БАЙЛАНЫС НЫҒАЯДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 08.07.2024 59
ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР
Сарысу ауданы әкімдігі - 08.07.2024 40
Театрға барып жүрміз бе?
Гүлнұр ӘДІЛХАНҚЫЗЫ, Асқар Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрының әкімшісі. - 08.07.2024 38
«Ұлттық дәстүр-тәрбиенің бастауы»
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ - 07.07.2024 169
САЙРАМДА АУМАҚТЫҚ ҚОРҒАНЫС САЛАСЫ АЯСЫНДА ЖИЫН ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.07.2024 221

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 1232
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 781
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 2127
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 1765
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 2870