Қазақстан Республикасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының 5 жылдығы, ҚР рәміздерінің 30 жылдығы аясында салт аттылар жорығы «Арқа жері – сал серілер елі» атаумен Аршалы ауданы аумағынан тамыз айының ортасында аттанған болатын. Жорықшыларды Аршалы ауданынынан қазақ мәдениетін дәріптеуші қауым, ауыл ақсақалдары қазақтың бір туар батыры, сері сазгер, балуан халық батыры Иманжүсіп Құтпанұлының зиратына басында ислам дінінің рәсімін ұлықтай отырып шығарып салған.
Жорықшылар тобында қазіргі заманның өнерпаз сал серілері, күш иесі балуандар және соңғы кезде сиреп кеткен қазақтың жеті қазынасы тазы итін қорғауға құлшынған аңшылар, басқада өнер иелері бар. Сал аттылар жорығы Аршалыдан соң екінші болып Целиноград ауданына ат басын тіреді. Целиноград ауданның мәдениет қызметкерлері, өнер сүйер қауымы серілерді құрметпен қарса алып, ән жырдан шаушу шашып, құрметпен қарсы алды. Ауыл өнерпаздары серілермен қосылып, әлемге әйгілі балуан, күш атасы Қажымұқан аталарының алып ескерткіші алдында өнер сүйер қауымды, әнмен жырға бөледі.
Сал серілерді келесі кезекте Ақкөл ауданының өнерпаздары, спортшылары, ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелер ақ шаңқан киіз үй тігіп қарсы алып, өз өнерлерін тамашалатса, Біржан сал ауданның халқы, мәдениет қызметкерлері алтыбақан құрып, шашу шашып қарсы алыпты. Біржан елі, жорықшыларды салт атылардың қошеметімен қарсы алып, салдардың саңылағы Біржан сал бабамыздың аруағына құран бағыштап, қабіріне зиарат жасатты. Біржан сал ауданынан соң, іргелес Бұланды ауданның өнер сүйер қауымы салт атты жорықшыларды «елу бір пұт гирдің тасын көтерген, алып күш иесі, қазақ ұлтының жоғын жоқтаушы, қамқоршысы, халық батыры Балуан Шолақ бабасының басында қарсы алып, діни рәсім жасап, қонақтарға ауыл өнерпаздары ән күймен шашу шашып, соңынан серілердің өнерін тамашалап, келесе ауылға аттандырыпты.
Кездесу кештерінде серілер тобындағы дәстүрлі әншілер Бек Мыңбай, Еркебұлан Сәрсенбековтер өз өнерлерін елге танытып келеді.
Целиноград, Ақкөл, Бұланды, Біржан сал, Бурабай, Зеренді аудандарында жалғасатын болса, бүгінге дейін алғашқы төрт ауданды аралап, үгіт насихат жүргізіп, өнерлерін көрсетті. Ендігі соңғы аялдамалар Бурабай, Зеренді аудандары.