«Саламатты мектеп» жобасына қатысты

«Саламатты мектеп»  жобасына қатысты

Атырауда «Саламатты мектеп» жобасымен 100 мектеп қамтылды. Жоба мектептердегі медициналық қызметті күшейтіп, оқушылардың денсаулығын нығайтуға бағытталған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. 

Атырау облыстық білім беру басқармасының бас маманы Қадыржан Сапаровтың айтуынша, жоба бастапқыда 72 мектепте басталып, кейін тағы 28 білім ордасы қосылған. Жоба бойынша мектеп мейірбикелеріне дұрыс тамақтануды ұйымдастыру бойынша да арнайы оқу курстары өткізілген.

– Өткен жылы жоба аясында 300-ден астам іс-шара ұйымдастырылып, оқушылар арасында дұрыс тамақтану мен салауатты өмір салты кеңінен насихатталды. Мектептерде ақпараттық материалдар орналастырылып, 1500-ден астам денсаулық сағаты өткізілді, – деді ол.  Сондай-ақ, қыркүйектен бастап мектептерде 3 минуттық жаттығулар тұрақты түрде енгізіліп, «Еркін тыныс ал!» флешмобына 16 мыңнан астам оқушы қатысқан.

А. ХАМИТТЕГІ
09.04.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24741
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24398
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41841
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37713
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42142