Облыстың барлық аудандарында жаңа өндірістер пайда болып, жаңа жұмыс орындары ашылып, қызмет көрсету саласы дамып келеді. Өңірлердің инвестициялық тартымдылығы өңір экономикасының өсуіне айтарлықтай үлес қосып жатыр. Барлық өңірлерде тартылған инвестиция көлемі тұрақты өсіп келеді. Мәселен, биыл Қордай ауданында жаңа инвестициялық жобалар әзірленді. Атап айтқанда, «Central Asia Gold Production» ЖШС алтын кендерін алғашқы өңдеу бойынша өндірістік кешен құрылысын, қуаттылығы 5,8 мың тонна сүт фермасының құрылысын бастауға әзір. «Бай Нұр» ЖШС жылына сүт және «Куленов» шаруа қожалығы жылына 2,2 мың тонна сүтті-тауарлы фермасы, «Қалдыбай тегі» шаруа қожалығы жылына 2,5 мың тонна көкөніс сақтау қоймаларының құрылысын жүргізбек. Сонымен қатар, «Gold Invest Capital» ЖШС-нің мыс қорыту зауыты мен «Insider Group» ЖШС-нің жел электр станциясын салу жоспарлануда. Жыл соңына дейін «Көрцем» ЖШС цемент зауыты жұмысын бастайды. Жыл басынан бері Байзақ ауданына 4,5 миллиард теңге инвестиция тартылған. Биыл 268 жұмыс орнын құрумен 10,9 миллиард теңгені құрайтын 44 инвестициялық жобаны жүзеге асыру күтілуде. Бүгінгі таңда тоғыз инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 46 жаңа жұмыс орны ашылды. Қалған жобалар жыл соңына дейін жүзеге асырылып, 222 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда. Сарысу ауданында биыл 18,6 миллиард теңгенің 51 жобасы әзірленсе, 9,6 миллиард теңгенің 21 жобасы қолдау тапты. Сондай-ақ, аудандық бюджет есебінен 14,3 миллиард теңгенің 34 жобасы мемлекеттік сараптамадан өтуде. Ал Талас облысына биыл 64,8 миллиард теңге инвестиция тарту жоспарлануда. 2024-2026 жылдары 598 миллиард теңгені құрайтын төрт ірі жоба жүзеге асырылмақ. Ағымдағы жылдың қаңтар айында «Шоқпар» жел электр станциясы іске қосылды. Қазіргі таңда «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС-нің химиялық кешені, «QazaqSoda» ЖШС-нің кальцийлендірілген сода шығаратын зауыты, «Қазхимтрейдинг» ЖШСнің цемент зауытының құрылыстары жүргізілуде. Т.Рысқұлов ауданында 16,4 миллиард теңгенің 18 инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда, инвесторларды тарту және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл «КазПромЛит» ЖШС кварцит өндіру, «Мухиев Е» ЖШС кірпіш зауытын салу, «Nomad aqua invest» ЖШС балық өсіру, «ФудИнвестГрупп» ЖШС жемшөп өндіретін зауыт құрылысы, 400 орындық сүт-тауар фермасы жобалары. Жуалы ауданында жыл басынан бері негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2,3 миллиард теңгені, Мойынқұм ауданында 7,1 миллиард теңгені, Шу ауданында 17,8 миллиард теңгені құрады.