«Самұрық Қазына» қоры Ақтөбе облысында бірқатар әлеуметтік жобаларды жүзеге асырады

«Самұрық Қазына» қоры Ақтөбе облысында бірқатар әлеуметтік жобаларды жүзеге асырады

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов «Самұрық Қазына» АҚ-ның  басқарушы директоры   Ғибрат Ауғановпен кездесті.  

Кездесу барысында облыс әкімдігі мен «Самұрық Қазына» қоры әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестікті дамыту саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 

— Бүгін ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандум мен онда қарастырылған барлық шаралар облыстағы кәсіпорындарда еңбек ететін жұмысшылардың жағдайларын жақсартуға бағытталған. Аталған келісімнің өз деңгейінде жүзеге асырылуына жергілікті атқарушы органдар тікелей мүдделі, — деді облыс әкімі. 

Меморандумға сәйкес, «Самұрық-Қазына» АҚ әкімдікке, жұмыс берушілердің бірлестіктеріне және өңірдің ірі өндірістік компанияларының өкілдеріне, сондай-ақ кәсіподақтарға «әлеуметтік тұрақтылық индексін» айқындау жөніндегі тәжірибені таратуға жәрдем көрсетеді.Сондай-ақ қордың портфелдік компанияларымен уағдаластыққа сәйкес кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары мен келісім комиссияларының өкілдері үшін «Кәсіподақ белсенділерінің корпоративтік мектебі» жобасы аясында, оның ішінде коммерциялық негіздегі өтінім бойынша  олардың қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында оқыту семинарларын өткізеді.  

Бұдан басқа, Ақтөбе облысының аумағында Қордың портфельдік компанияларында туындайтын әлеуметтік-еңбек саласындағы барлық даулы мәселелер Қор өкілдерінің қатысуымен реттелетін болады. 

Өз кезегінде тығыз ынтымақтастық қарым-қатынасқа дайын екендігін жеткізген Ғибрат Ауғанов: 

— 2017-2022 жылдар аралығында Ақтөбе облысында көптеген әлеуметтік жобаларымызды жүзеге асырдық. Ол үшін 1 миллиард 700 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінді. Бұл бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да бірге жүзеге асыруға дайынбыз. Биыл да бірқатар жобаларымыз бар. Әкімдік пен үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен түрде іске асырамыз, — деді.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі
29.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 45
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 150
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 41
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 50
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 59
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 46
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 146
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 150
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 336
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 329
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 953

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9027
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8423
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11651
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9407
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10633