Сананы қалыптастыру бәрінен маңызды

Сананы   қалыптастыру   бәрінен маңызды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру – еліміздің әрбір азаматының парақорлықты әлеуметтік зұлымдық әрі қылмыс ретінде түсініп, оған қарсы ішкі моральдық және құқықтық тосқауыл қоя алу қабілетін ояту. Оны қалыптастыру – құқықтық сауаттылықты арттыруға, қоғамдағы ашықтыққа және әр тұлғаның мемлекет пен заң алдындағы жауапкершілігін тереңдетуге бағытталған.

 Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастырудың негізгі бағыттары айқындалғандығын атап өткен жөн. Мұнда, ең алдымен, құқықтық сауаттылықты арттыру көзделген. Бұл бағыт бойынша халыққа жемқорлықтың зардаптарын түсіндіру, өз құқықтары мен міндеттерін білу қарастырылады. Бұдан бөлек, моральдық құндылықтарды сіңіру жағы да маңызды болып табылады. Өйткені адамгершілік қасиеттерді, заңға құрметпен қарауды бала кезден, білім беру жүйесі арқылы тәрбиелеу адам бойында ізгі қасиеттерді қалыптастыратыны сөзсіз. Бұдан бөлек, азаматтық позицияға мықты болу да азаматтардың бойында болуы тиіс қасиеттердің бірі саналады. Кез келген заңсыздыққа бей-жай қарамай, оған қарсы тұруға дайын болу мәдениетін қалыптастыру қоғам үшін маңызды құндылық болмақ. Бұл процестер мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторларда арнайы саясаттар мен комплаенс-бақылау жүйелері арқылы да жүйелі түрде жүргізіледі. Сондықтан бұл қимыл науқандық деңгейде емес, еліміздің әр саласында жүйелі әрі табанды түрде жалғаса беретін маңызды шаралардың бірі болмақ.

2026 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Орталық комплаенс-офицері Б.Ж. Даулетбаева ҚР ОМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ереже, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Стандарт, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Саясат, әдеп қағидалары талаптарының сақталуы, қызметкерлердің аталған Ережелер талаптарын қатаң сақтауы туралы айтты.

Сонымен қатар, Орталық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуды анықтау мақсатында жүргізілген ішкі талдау қорытындысы туралы айтты. Сонымен қатар, мүдделер қақтығысы көріністері байқалса, шұғыл комплаенс-офицерге хабарлау туралы, әдеп қағидалары нормаларын қатаң сақтау туралы айтылды.

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
10.07.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26594
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26027
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43413
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39206
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43822