Санитарлық тазалық: жауапкершілік күшейеді

Санитарлық тазалық:  жауапкершілік күшейеді

Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин санитарлық тазалық мәселелеріне арналған жиын өткізді. Оған қала әкімінің орынбасары Тілек Махуов, округ әкімдері, коммуналдық мекеме басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитариялық-гигиеналық қадағалау және бақылау бөлімінің басшысы қатысты.

Жиында қаланың санитарлық жағдайын жақсарту, тазалық жұмыстарын жүйелі жүргізу және санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқатты қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Қала әкімі өз сөзінде 15 наурыз бен 15 мамыр аралығы Атырау қаласында санитарлық тазалықтың екі айлығы болып жарияланғанын атап өтті:

– Осы кезеңде тазалық жұмыстары үздіксіз әрі жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Себебі қаланың көркі мен мәдениеті ең алдымен оның тазалығынан көрінеді. Әрбір мемлекеттік қызметкер, әрбір мекеме басшысы және қала тұрғыны маңызды науқанға бейжай қарамауы керек. Бұл бағыттағы жұмыстар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған «Таза Қазақстан» жалпыхалықтық акциясымен тікелей үндес. Тұрғындар өз аулаларын ғана емес, үйінің айналасындағы кемінде 5 метр аумақты да таза ұстауға міндетті. Тазалыққа салғырт қарау – ертеңгі ұрпақтың денсаулығына балта шабу деген сөз, – деді ол.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитариялық-гигиеналық қадағалау және бақылау бөлімінің басшысы Қаламқас Аманжолова баяндама жасады.

Сондай-ақ санитарлық аумақтарға жауапты мекемелердің атқарған жұмыстары тыңдалып, әкімдік аппараты тарапынан анықталған бірқатар кемшіліктер слайд арқылы көрсетілді. Жиын барысында мәселелер жан-жақты талқыланды.

Қорытындысында шаһар басшысы анықталған олқылықтарды сынға алып, санитарлық тазалық жұмыстарын күшейтуді, жауапкершілікті арттыруды және тазалық айлығын қатаң бақылауға алуды тапсырды. Жауапты мекемелерге нақты міндеттер жүктелді.

 

А. ХАМИТТЕГІ
15.04.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25301
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24799
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42230
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38084
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42571