Саңырауқұлақтан сән әлеміне: Экология мен инновация тоғысқан жаңа бағыт

Саңырауқұлақтан сән әлеміне: Экология мен инновация тоғысқан жаңа бағыт

Бұл мақаланы оқымас бұрын қиял әлеміне көз жүгіртуге дайын болыңыз... Сіздің  сүйікті тағамыңыз қандай? Менің сүйікті тағамым – саңыраққұлақ қосылған паста. Жалпы, саңырауқұлақ қосылған барлық тағам түрі менің тәбетімді ашады. Бірақ саңырауқұлақ тек дәмді тағам ғана емес. Сіз саңырауқұлақтардың киім өндірісінде пайдаланылатынын бұрын соңды естіп пе едіңіз? Онымен қоса, оның үй құрылысына қолданылып, жаһандық жылыну процесін болдырмауға зор үлес қосатынын да біле жүргеніңіз жөн.

Саңырауқұлақтар тез және күшті биологиялық ыдырайтын материал. Суық пен ыстыққа өте төзімді. Өсу үшін ыңғайлы орын таңдамайды. Тіпті, жарықтан тыс, ауасыз жерлерде де өсуге, көбеюге бейім. Зерттеушілердің айтуынша, олар нағыз өмір сүруге бейім, тірі қалуға құштар өмір эксперттері. Сонымен қоса, ол экологиялық жүйені ластамай, керісінше нәрлендіреді.

Голландиялық дизайнер Маурицио Монтальти өз өмірінің 10 жылдан көбін саңырауқұлақтарды зерттеуге арнаған. Бұл организмдерді өсіруге жүгері шыңдары, күріш сабаны, пайдаланылған кофе және тіпті моллюскалардың қабықтары қолданылады. Бірақ осы уақытқа дейін жаппай өндіріс әлі болған жоқ. Сонда да адам пайдасы үшін бұл бағытта жұмыс жасайтын фирмалар бар. Оларға мысал келтіре кетсек, индонезиялық Microtech фирмасы саңырауқұлақ негізіндегі жасанды былғарыдан аяқ киім жасап шығарады, оның артында Stella McCartney және Gucci тұр. Немістің Mico Space компаниясы саңырауқұлақтармен қайта өңделген композициялық материалдардан үйлер салады. Бұл өнімдердің барлығы көміртекті бейтарап. Бізді қоршаған ортаға және адамдарға еш зияны жоқ. Біздің осы  сияқты зиянсыз материалдарды пайдаға асыруымыз пластиктен біржола арылуға үлкен қадам. Ал осындай организммен өңделген үйлерде тұру, киімдер мен аяқ киімдерді тұтыну біздің өмір сүру сапамызды жоғарылатып, ұзақ өмір сүруімізге үлес қосады.

Ұзақ өмір сүрудің екінші жолы спортпен айналысу болса, біздің елімізде спортпен айналысуға көңіл қуантатындай ресурстар жеткілікті.

 

Киімнен бастап локацияға дейін. 3 жыл бойы жүгірумен айналысып жүрген спортшы ретінде аяқ киімнің жетер дистанцияға әсері өте үлкен екенін айта аламын. Оның материалы, сапасы және дизайны үлкен рөл атқарады. Әдеттерімінің ішіне әр жүгіру марафонына әр стильде киіну де кіреді. Маурицио Монтальти мен Адидастың бастамасы бұл расымен жаңалық. Adidas Stan Smith Mylo аяқ киімдері саңырауқұлақ терісінен. Бұл теріні жасау кезінде синтетикалық теріні  өндіргендегі сияқты мұнай өнімдері қолданылмайды. Мақтамен салыстырғанда, өсіруге суды да аз талап етеді. Қалдықтары табиғи жолмен өзі шіріп кетеді. Ұстап көрер болсаңыз, тері өте жұмсақ, теріге жағымды. Және  бұл аяқ киімдер бір жыл ішінде сатылымға шығады. «Сіз бұл коллабрациямен  итерация процесін қалпына келтіресіз және шынымен сүңгіп, табиғи аяқ киімді басқа жолмен жұмыс істеуге мәжбүрлейсіз». Николас Груневег айтпақшы, біраз сән әлеміндегілер үшін бұл аяқ киімдер жаңа стиль, жаңа шабыт болмақ.

Mylo компаниясы жасаған материал Нидерландыда ішінара өндірілетін және өсірілетін болады. Тыңайтқыш үшін үгінділер мен органикалық материалдар қолданылады. Толық өсірілу әдістері әлі құпия.

Айтқым келгені, сән әлеміне алдағы уақытта саңырауқұлақтан бренд енеді. Барлығы мүмкін. Басқа да экологиялық коллабтар мен ұсыныстарды зерттейтін биотехнологтар мен дизайнерлер көп. Алдағы 5 жылда бұл біз үшін де қолжетімді болмақ, саңырауқұлақ немесе гүл түрін өңдеп жасаған материалдардан киімдер киетін боламыз. Жаңа заманның тың өзгерістеріне, қоршаған ортаны сақтауға деген ұмтылысына сіз де ашық болыңыз!

Лаура Шекер
15.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 6600
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 6032
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 9237
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 7022
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 8233