Әр дауыс – ел болашағына жасалған маңызды қадам! Осыған сәйкес бүгін №357 референдум учаскесінде Т. Рысқұлов ауданы №03811, №42062, №85395, №10216 КА әскери бөлімдердің сарбаздары да өз таңдауларын жасап, дауыс беруге белсенді қатысты.

Ел тағдырына бейжай қарамайтын жауынгерлер азаматтық борыштарын орындап, маңызды саяси науқанға өз үлестерін қосты. Отан қорғаушылардың пікірінше, елдің болашағына қатысты шешім қабылдау — үлкен жауапкершілік.

Әскери сала өкілдері дауыс беру сәтінде тәртіп пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетіп, заңға сәйкес және барлық талаптарға сай дауыс берді. Бұл олардың елдің дамуына және тұрақтылығына бейжай қарамайтынын тағы бір дәлелдеді.















