САРЫАҒАШТА ҒАСЫР ЖАСАҒАН ӘЖЕЛЕР МЕН АЯУЛЫ АНАЛАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

 САРЫАҒАШТА ҒАСЫР ЖАСАҒАН ӘЖЕЛЕР МЕН АЯУЛЫ АНАЛАР ҰЛЫҚТАЛДЫ
 
Көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай аудандағы жасы 100-ден асқан, ұзақ жылдар қызмет етіп, ауданның дамуына айрықша үлес қосқан әжелердің шаңырақтарына аудан басшысы Арман Абдуллаев арнайы барып, құрмет көрсетті.
✔️Алдымен ауданға қарасты Құркелес ауылдық округінің тұрғыны 105 жастағы Жадыра Кескенбаева апамызды, сондай-ақ Жартытөбе ауылдық округінің тұрғыны 103 жастағы Иноятова Шарапат әжемізді көктемнің шырайлы мерекесімен құттықтай отырып, дендеріне саулық, отбасыларына шаттық, береке-бірліктің бастаушысы мен игі істердің қостаушысы болып жүре берулерііне тілектес екенін жеткізді.
✔️Сондай-ақ нәзікжандылар құрметіне «Ана-гүл, Ана-өмір» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Салтанатты жиында сарыағаштық аяулы аналар мен қыз-келіншектер ерекше құрметке бөленді.
✔️Арман Абдуллаев нәзік жанды әйелдер қауымына ізгі тілегін жолдап, түрлі салада белсенділігімен, адал еңбегімен көзге түскен жандарды алғыс хаттармен марапаттаса, көпбала дүниеге әкелген аналарды ардақтап, марапаттады. Сонымен қатар мерекелік шарада ауданның қоғамдық өміріне белсене атсалысып, өңірдің қарыштап дамуына атсалысып жүрген бірқатар әйелдер облыс әкімі Нұралхан Көшеровтың «Алғыс хатымен» марапатталды.
✔️Салтанатты шара барысында арнайы қонақ Оразкүл Асанғазықызы да, әйелдің қоғамдағы рөліне тоқталды.
✔️Сонынмен қоса аудан әкімі Арман Абдуллаев, аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы қала тазалығына жауапты қызметкерлерді мерекемен құттықтап, құрмет көрсетті. Оған қоса, қала тұрғындары мен «Алып» сауда қалашығындағы саудагерлерді 8 наурыз – халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, раушан гүлдерін сыйлады.
 
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
09.03.2025

Ұқсас жаңалықтар

К ОТКРЫТИЮ ТУРИСТИЧЕСКОГО СЕЗОНА В ТУРКЕСТАНЕ ГОТОВЯТ 2,5 ТОННЫ НАУРЫЗ КОЖЕ
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области - 12.03.2025 19
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТУБЕРКУЛЕЗ АУРУШАҢДЫҒЫ ТӨМЕНДЕГЕН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 12.03.2025 14
АРЫСТА ТЫЛДА ЕҢБЕК ЕТКЕН АНАЛАР АРДАҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 09.03.2025 107

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 1920
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 2163
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 17049
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 15773
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 19134