1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Осыған орай, бүгін аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев этно-мәдени бірлестік жетекшілерін қабылдап, ұлтаралық татулықты ту еткен азаматтарға алғыс айтып, сый-құрмет көрсетті.\
— Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан х
алқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
«Береке бастауы — бірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек. Сондықтан бұл мереке барлық этнос өкілдерінің ынтымақтастығы мен достығының мерекесі. Бейбітшілік пен тұрақтылықтың және ұлтаралық келісімнің ең басты негізі және рухани дамуымыздың жарқын бір көрінісі. Бүгінде Сарысу ауданының халқы да – өзінің мызғымас достығымен, тату бірлігімен қарқынды еңбек етіп келеді. Ауданда отыздан аса ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады. Олар ауданның әлеуметтік-экономикалық, рухани және мәдени дамуына өз үлестерін қосуда, — деді аудан басшысы өзінің ақжарма тілегінде.
Жиын барысында славян, неміс, күрді, өзбек, қырғыз және кәріс этно-мәдени орталық жетекшілері кезек-кезек сөз алып, өздерінің бастан өткерген өмір жолдарын аз-кем сабақтай келе, сындарлы сәтте құшақ жая қарсы алып, көмек қолын созған жергілікті халыққа алғыстарын айтты.
Келелі кездесу аудандық мәдениет үйінің мамандары дайындаған сазды-әуенді кешке ұласты.