Бүгін жалпыаудандық сенбілікте Жаңатас – Саудакент тас жолы бойындағы Ысты Тілік баба саябағы аумағына 1560 түп тал ағашы отырғызылды.
Аудан әкімдігі Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомомиль жолдары және тұрғын үй инспециясы бөлімінің ұйымдастырумен өткен қоғамдық іс-шараға мемқызметкерлер мен «Жаңатас Су-жылу», «Сарысу сулары» коммуналдық мемлекеттік мекеме мамандары қатысты. Осылайша бүгін аталған саябақ аумағына 150 шие мен 1410 түп қара тал егілді.
Айта кетейік, өткен жылы аудан аумағында 23 589 түп жасыл желек отырғызылды.