Бүгін Ұлыстың Ұлы күні «Наурыз» мерекесіне орай аудан
тұрғындары арасында қашықтыққа жүгіруден дәстүрлі
марафон өтті.
- Спорттық іс-шараға аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев бастаған мемқызметкелер мен жергілікті кәсіпорын және барлық мекеме мамандары қатысты.
Қатысушылар аудандық орталық алаңнан бастап, Жаңатас қаласының басты көшелерімен жалпы ұзындығы 3.5 шақырымды жүгіріп өтті.
Марафонның нәтижесі 25 жасқа дейінгі және одан жоғарғы жастағы азаматтар арасында сарапқа салынды. Мәреге алғаш жеткен үш үздікке алтын, күміс және қола медальдарын аудан басшысы Марат Қырғызәліұлы салтанатты түрде табыс етті.
Сондай-ақ, іс-шараға белсене атсалысқан «Ең жас спортшы» мен «Белсенді ардагерлер» арнайы Алғыс хаттармен марапатталды.