Облыс аумағында су тасқынының алдын алу мақсатында, облыс аумағында су тасқыны жағдайларын зерделеу нәтижесімен әзірленген 2023-2024 жылғы көктемгі және күзгі су тасқыны кезеңіне дайындықты жүргізу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген.
Бекітілген жоспарға сәйкес, Жаңатас қаласы, Дегерес елді мекеніндегі тұрғын үйлерді су тасқынынан сақтау үшін «Бүркітті» өзенінің 8 шақырым табанын тазалау және жағалауын нығайту жұмыстары 2023 жылдың күзгі санитарлық-тазалық жұмыстары аясында жүргізілді.
Су тасқыны және төтенше жағдайлардың алдын алу шараларына Жаңатас қаласы және ауылдық округтер тарапынан 112 адамнан тұратын ерікті жасақшылар тобы құрылған. 29 дана техника, 3 дана мотопомпа, 3000 дана қапшықтар, 74 дана резенке етіктер, 103 дана күректер әзірленген.
Жаңатас қаласындағы Дегерес, МЭЗ елді мекендердегі тұрғын үйлердің судан қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2,5 шақырым айналма арық қазу жұмыстары жүргізілді.
Жайылма ауылдық округіндегі Шабақты өзенінің жағалауында орналасқан шаруа қожалықтарын су тасқынынан қорғау мақсатында «Казфосфат» ЖШС-нің арнайы техникасымен (4 погрузщик, 4 Камаз, 2 трактор) өзеннің қожалық жақ бетіне дамба жасалынды.
Қазіргі таңда жағдай тұрақты, үнемі бақылауда.
Сарысу аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жыл басынан су тасқыны және түрлі төтенше жағдайлар тақырыптарында аудан тұрғындарымен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Сарысу ауданы әкімдігінің
және Жаңатас қаласы әкімдігінің әлеуметтік парақшаларына су тасқынының алдын алу тақырыптарында 18 мақала жарияланды. Аудандық «Сарысу» газетінде 3 материал жарық көрді.
Су жиналатын барлық гидротехникалық құрылғыларда, көл, су айдындарында артық су жиналмауы, қала және елді мекендерде орналасқан арық, канал, дренаж, көпір асты өткелдерінің тазалануын толық қамтамасыз ету жауапты мекемелер тарапынан бақылауда.