САРЫСУДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» САЯБАҒЫ АШЫЛДЫ

САРЫСУДА  «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» САЯБАҒЫ АШЫЛДЫ

Ауданымызда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы белсенді жүргізіліп, ауқымын кеңейте түсті. 

Шын мәнінде, тазалықты  сақтау, туған жерді көгалдандыру, абаттандыру үлкен маңызы бар іс. Қоршаған ортаның таза әрі көрікті болғаны өзіміз үшін қажет.

Бүгін «Таза Қазақстан» акциясы аясында Жаңатас қаласына кіре берістен «Таза Қазақстан» саябағы ашылды. 

Саябақтың ашылуына аудан әкімі Сәкен Мамытов, аудандық мәслихаттың төрағасы Шаттық Мұсабеков, аудан ардагерлері, зиялы қауым, қоғамдық ұйым өкілдері,  мекеме және кәсіпорын қызметкерлері мен жастар қатысты.

Игілікті шарада аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы сөз сөйлеп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық  акциясы «Өнегелі ұрпақ» апталығымен жалғасып, осы экологиялық науқанның аясында ауданда ауқымды жұмыстардың атқарылып жатқандығына тоқталды. Туған жерді көркейту- көгалдандыру баршамызға ортақ іс, әрі келешек ұрпақтың жарқын болашағы үшін жасалған үлкен қадам екендігін айтып,  болашақта жаңа саябақ тұрғындар саялайтын, жастар серуендейтін көрікті орынға айналсын, - деген тілегін білдіріп, жаңа саябақтың ашылуымен құттықтады.

Бұдан кейін Сарысу аудандық алқа билер кеңесінің төрағасы Серік Аппазов сөз алып, елдің ауызбіршілігі, ықыласы осындай ынтымақты, жарасымды тірлікке бастайтындығын айтып, жылы лебізін білдірді.

Жаңа саябақтың лентасын аудандық мәслихаттың төрағасы Шаттық Мұсабеков, Сарысу ауданының Құрметті азаматы Басие Абдрахманов және Жаңатас қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмәлі Орымбаев салтанатты жағдайда кесті. 

Саябақтың ашылуына және қоршаған ортаның жақсаруына, шырайының әрленуіне, жасы желекке бөленуіне өз үлесін қосуға келген көпшілік жаңа саябаққа тал отырғызу шарасына құлшына кірісіп кетті.

Бүгін «Өнегелі ұрпақ» апталығының бірінші күнінде жаңа саябаққа Жамбыл облысының 85 жылдығына орай 85 шырша, Жаңатас қаласының 55 жылдығына орай, 55  тал көшеттері отырғызылды.

Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі
29.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 30
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 26
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 19
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 54
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 158
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 162
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 372
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 346
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 961

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9039
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8435
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11663
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9417
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10643