САРЫСУДАҒЫ САЛТАНАТ

САРЫСУДАҒЫ САЛТАНАТ

Наурыз – Ұлыстың ұлы күні - Жыл басы!

Әз-Наурыз – жаңашылдық пен жасампаз рухтың жаршысы. Халқымыз қашанда жыл басын ізгі ниетпен, үкілі үмітпен, ақ жарма тілікпен қарсы алады.
Табиғат-ананың түрленіп, күн мен түн теңесіп, халқымыздың алдағы күндерден зор үміт күтер сәті – осы Наурыз мейрамы.
Бүгін ауданда Наурыз мерекесі тойланып жатыр.
Аудандық мәдениет үйінде өткен мерекелік шараға аудан әкімі Сәкен Мамытов, аудандық мәслихаттың төрағасы Шаттық Мұсабеков, аудан ақсақалдары, қонақтар мен аудан тұрғындары қатысты.
Мерекелік шарада аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы құттықтау сөз сөйледі.
«Біз үшін сан жылдар бойы сабақтастығын үзбеген әз-Наурыз мерекесінің орны бөлек. Шежіресі мол қарт Қаратаудың қойнауына «Жаңа күн» келді. Наурыз тойы бүгінде жалпыхалықтық сипатқа ие. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Наурыз мерекесін жаңа сипатта, ерекше атап өтудің онкүндігі жарияланды. Биыл Наурыз мерекесін тойлау 14 наурыз Көрісу күнінен бастау алды. Осы күндері ұлттық құндылықтарымыз бен дәстүрлеріміз, ұлттық болмысымыз дәріптелді. Бүгінде Наурыз мерекесі татулықты ту еткен барлық этнос өкілдерінің сүйікті мерекесіне айналды. Өйткені, Наурыз – ізгілік пен ынтымақтың, бірліктің тойы. Сарысу ауданының Наурыздан наурызға дейінгі аралықта қол жеткізген табыстары аз емес.
Бүгінгі мейрамды аудан тұрғындары жарқын көңіл, жақсы пейілмен қарсы алып отыр. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жыл санап өсіп келеді. Халықтың әлеуетін арттырып, тұрмыс жағдайын жақсартуға арналған бірқатар жобалар жүзеге асырылды. Биыл да жалғасын табады. Қызыр Ата әрбір үйге шаттық сыйлап, қуаныш пен бақыт, құт-береке әкелсін. Бұл мереке игіліктің бастауы болып, ел ырысы көбейе берсін!», - деген аудан басшысы мерекеге жиналған көпшіліктің дендеріне саулық, отбастарына амандық тіледі.
Ауданның даумына өзіндік үлесін қосып, үздік жетістіктерге жетіп жүрген бірқатар азаматтар "Облысқа сіңірген еңбегі үшін", "Сарысу ауданына сіңірген еңбегі үшін" мерекелік медальдармен марапатталды.
Шара барысында ұлтымыздың салт-дәстүрлері қайта жаңғырды.
Жаңатас қаласы және ауылдық округтер мен мекемелердің салт-дәстүрлерден дайындаған көріністерінен байқау ұйымдастырылды.
Мерекелік шарада сонау көне дәуірден, ғасырлар қойнауынан жеткен ұлы жаңғырық – Наурызды, бабалар үнін асқақтатып, оймен оралып, қанға сіңген қасиетті дәстүрді еске түсіретін театрландырылған көрініс көрсетілді.
Сондай-ақ, көрініс барысында Сарысу өңірінен шыққан дүлділ ақын Майкөт, өз заманының айтулы тұлғасы Шоқай датқа, ұлы қобызшы Ықылас Дүкенұлының бейнесі халқымен қауышты. Майкөт ақынның жыры, Шоқай датқа бабаның батасы, Ықылас қобызының күңіренген үні көпшілікті керемет әсерге бөледі.
Қызыр ата ақ батасын беріп, қарт Қаратаудың қойнауында жатқан Сарысу өңіріне құт-береке, жақсылық, ырыс пен ынтымақ тілеп, жиналған көпшілікке жаңа күннің келгендігін жеткізді.
Мерекелік шарадағы Бастаңғы", "Ұрын келу", "Сыңсу", "Құрсақ шашу", "Ат қою", "Бесік салу", "Тұсау кесу", "Тұлым кесу", "Тулақ шашу", "Қазан шегелеу" сияқты салт-дәстүрлерден өткен байқауда әділқазылар алқасының шешімімен Түркістан ауылдық округі І орынды, Досбол, Тоғызкент округтері ІІ орынды, Жайылма ауылдық округі жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне және барлық қатысушыларға Алғыс хаттар мен сыйлықтарды аудан әкімі Сәкен Мамытов, аудандық мәслихаттың төрағасы Шаттық Мұсабеков және әділқазылар алқасының төрағасы, ауданның Құрметті азаматы Серік Аппазов табыс етті.
Игілік ауылдық округі көрсеткен "Тұсау кесер" рәсімінде мерекелік шараның құрметті қонағы, жерлесіміз, медицина ғылымдарының докторы, хирург Сағындық Ордабеков және Сарысу аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауданның Құрметті азаматы Жанат Жұмаділдаев ағаларымыз сәбидің тұсауын кесіп, жаңа қадамына сәттілік тілеп, баталарын берді.
Мәдениет үйінің алдында ұлттық спорт түрлерінен ойындар ойнатылып, мерекенің көркін қыздырды.
Мерекелік концерттік бағдарламада Тараз қаласынан келген "Номад" тобының әншілері шараның ажарын ашса, ауданның мың бұралған бишілері мен әсем әуезді әншілері би мен әннен шашу шашып, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Мәдениет үйінің кіре берісінде жайылған дастарханнан тұрғындар дәм татып, наурыз көжеден ауыз тиді.
Осылайша, еңбектеген баладан еңкиген кәріге дейін бүкіл Түркі әлемінің сүйікті мерекесі Наурыздың - Ұлыстың Ұлы күнінің ұлылығын айтып, дархан халқымыздың гүлдене беруіне тілектестіктерін білдіріп, ұлық мереке Наурыз мейрамын көңілді күйде қарсы алып жатыр.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі
21.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 229
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 226
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 728
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 851
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 764

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8920
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8314
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11541
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9298
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10526