Сарысулықтардың өзекті мәселелері кезең-кезеңімен шешіледі — Б. Сапарбаев

Сарысулықтардың өзекті мәселелері кезең-кезеңімен шешіледі — Б. Сапарбаев

 

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы” атты Қазақстан халқына Жолдауында қазіргідей күрделі кезеңде кезегін күтіп тұрған көптеген ауқымды мәселелер қамтылған. 10 негізгі бастамадан тұратын Жолдауда басым міндеттер бойынша Үкімет пен жергілікті атқарушы органдарға көп жауапкершілік жүктеледі.

Президент әкімдерге халықпен жиі кездесіп, әлеуметтік мәселелерді жедел шешуді тапсырды. Қазіргі таңда барлық деңгейдегі әкімдердің есебі тыңдалуда. Облыс басшысы ретінде бірқатар ауылдық округ және аудан әкімдерінің есептік жиынына қатысып, жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізудемін. Азаматтардың барлық сауалдары назарға алынып, өзекті мәселелерге көңіл бөлініп, бақылауға алынып, заңға сәйкес шешілетін болады.

Мемлекет әлеуметтік міндеттемелерін толық орындайды, әлеуметтік төлемдердің өсуін қамтамасыз етеді. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын бақылауда ұстауға тиіспіз. Қазіргі таңда ауданның елді мекендері мен орталығына газ тарту жұмыстары жүзеге асуда. Биыл Жаңатасқа көгілдір отын жетеді, келер жылы тұрғындар толығымен оның игілігін көре бастайды.

Өткен жылы сәтті жүзеге асқан «Таразға тарту» жобасы биыл «Жаңарған Жаңатас» деген атаумен жалғасатын болады. Жоба аясында демеушілердің есебінен 14 нысанда жұмыстар жүзеге асып, аудан орталығының ажары арта түсетін болады.

Облыстың, ауданның экономикалық даму қарқынын сақтап, күшейтуге күш салу керекпіз. Ол үшін қоғамдағы тыныштық пен келісімнің маңызы зор,-деді Бердібек Сапарбаев.

Бұдан соң аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев оң көрсеткіштер мен алдағы жоспарлы жұмыстарға тоқталып өтті. Оның айтуынша, 2021-2025 жылдар аралығында аудан аумағында жалпы құны 1 трлн. теңге болатын 13 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген. Сонымен қатар, биылғы жылы 2 ірі зауыттың, яғни «ЕвроХим»(химиялық кешені) мен «Qazaq Soda» ЖШС-нің  құрылысы басталады деп күтілуде. Құрылыс барысында 3 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылатын болады.

Өткен жылы ауданда 3 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, 316 отбасы баспаналы болған. Ағымдағы жылы 160 пәтерлі 2 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған.

 

— Бұдан бөлек 2 көпқабатты тұрғын үй қайта жаңғыртылады. Ұзақ жылдар бойы өзекті мәселеге айналған «Үш алып» тұрғын үйін «Қазфосфат» кәсіпорнымен бірге (240 пәтер) қайта жөндеуден өткізу көзделуде.

Ауыз сумен қамту көрсеткішін де 72 пайыздан 84-ке жеткізу жоспарлануда.

Ауданда 4 әлеуметтік дүкен ашылған, тағы біреуін ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аудандағы әлеуметтік дүкендерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры жеткілікті, бағалары бақылауда. Күні кеше ғана тұрақтандыру қорынан 5 тонна қант жеткізіліпті. Бүгінде оның келісі 320-330 теңгеден сатылуда.

Суармалы су мәселесін шешу үшін үшін 41,7 шақырымдық каналдар асар әдісімен тазаланды. Жұмыстар жалғасуда,-деген аудан әкімі өңірлік «Асарлатып үй салу», «Жомарт түлек», «Мейірім» жобалары, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясындағы жұмыстарды да баяндады.

Одан кейін аудан тұрғындары жарыссөзге шығып, толғандыратын сауалдарын жолдады. Олар негізінен әлеуметтік көмек, суармалы су, баспана, денсаулық сақтау, инфрақұрылым, мал шаруашылығына қатысты мәселелерді көтерді.

— Біздің облыста жем-шөпке қатысты мәселе болмауы керек. Пайдаланусыз жатқан жерлерді мақсатты жұмсау үшін мемлекет меншігіне қайтарамыз. Жер – халыққа жұмыс істеуі керек. Осы ретте ұсақ шаруашылықтарды ірілендіруге баса көңіл бөлген маңызды. Сол арқылы техника тапшылығы, сапалы тұқым мен тыңайтқышпен қамту, өнімді өткеру мәселелерін шешуге болады.

Еңбек етем деген адам көзің табады. Ауылдағы әр отбасы мал асырап өзін-өзі сүтпен, етпен, үй іргесіндегі жерді тиімді пайдаланып көкөніспен қамти алады,-деп түйіндеді облыс әкімі.

Бұдан соң аймақ басшысы бірқатар сарысулық тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Аудандағы жұмыс сапары кезінде Бердібек Сапарбаев Жаңатас қаласының орталық қазандығының қызметімен арнайы танысып, жылыту маусымының өту барысын тексерді.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде жаңатастық тұрғындар жылытуға қатысты көптеген шағымдарын білдіріп, облыс басшысының атына өтініштер қалдырған болатын.

— Ауа-райы жылынғанша жылумен қамтуда ешқандай кедергі болмауы тиіс. Қажетті қаржы бөлінген, мазут тапшылығының туындауына ешқандай негіз жоқ. Оның керекті көлемі уақытылы, толық жеткізілуі керек. Мазуттың сапасы да бақылауда болуы тиіс. Өткен жылғы қателіктер қайталанатын болса, жауаптыларға қатаң шаралар қолданамыз,-дей келе Бердібек Сапарбаев тиісті басқарма мен аудан басшысына бұл туралы өзіне күнделікті есеп беріп отыруды ескертті.

Жамбыл облысы әкімдігі
19.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 126
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 164
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 160
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 43
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 126
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 269
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 274
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 487
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 446

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9144
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8542
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11771
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9536
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10750