«Сәтті сәрсенбінің» берері көп

«Сәтті сәрсенбінің» берері көп

 Ағымдағы жылы 26 маусым күні Астана қаласы Алматы ауданы «Қар полигоны» аумағында Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының және Алматы ауданы әкімдігінің қолдауымен «Республикалық студенттік құрылыс және жастар жасақтары қозғалысы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «СӘТТІ СӘРСЕНБІ» экологиялық акциясы өтті. Экоакция «Железнодорожный» тұрғын алабында орналасқан қар полигонының аумағында жүргізілді. Тазалауға «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының 100 қатысушысы жұмылдырылды. – Акцияға көбіне жасөспірімдер қатысқандықтан, қар полигонының аумағы орын ретінде таңдалған. Ол қауіпсіздігімен, жүріс бөлігінің және өзендер мен көлдер сияқты ықтимал қауіпті табиғи нысандардың болмауымен, сондай-ақ кірме жолдардың болуымен ерекшеленеді, – деп түсіндірді Алматы ауданы әкімінің орынбасары Нұрмат Абдраимов. Астана қаласында осы тектес акциялар жиі өтіп тұрады. Оған қаладағы ерікті жастар мен жасөспірімдер қатысып, қала аумағын қоқыстан тазартып, қала көркіне өз үлестерін қосуда. Биыл сәуір айынан бастап елордада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы жүргізіліп жатыр. Оған қала тұрғындары, еңбек ұжымдары, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, шағын және орта бизнес субъектілері (базарлар, сауда ойын-сауық орталықтары, кафелер, мейрамханалар және т.б.), еріктілер, оқушылар мен студенттер, МИБ (ПИК) және басқалар қатысады.

ЕРҚАЗЫ СЕЙТҚАЛИ
04.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 6593
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 6026
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 9230
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 7015
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 8228