Жуырда ҚР Үкіметінің арнайы бекітілген Қаулысымен Саудакент балалар саз мектебіне Сарысудан шыққан танымал күйші Ықылас Дүкенұлының аты ресми түрде қайта берілді.
Биыл ашылғанына 50 жыл толған білім ошағы бүгін қос қуанышқа орай, ардагер ұстаздары мен танымал шәкірттерінің басын қосып, үлкен іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында жиылған көпшілік мектептің ауласында орналасқан Ықылас Дүкенұлының еңселі ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, өнер ордасының материалдық-техникалық базасымен танысты.
Күмбірлеген күй мен әуезді ән әдемі үйлесім тапқан тамаша кеш, әрмен қарай ардагер ұстаздар мен танымал түлектердің дидарласуымен өрбіді.