Саябақтағы ORTA FEST экофестивалі

Саябақтағы  ORTA FEST экофестивалі

Астананың Орталық саябағында ауқымды ORTA FEST экофестивалі болып өтті.

Іс-шараға экобелсенділер, қоршаған ортаны қорғаушылар және салауатты өмір салтын ұстанушылар жиналды.

Фестиваль аясында 30-дан астам қалалық қауымдастық, белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының өкілдері және жастар ұйымдары қатысты.

Іс-шара барысында «Қалалық сағат» маңына биіктігі 2 метрден асатын ORTA әріптері орнатылды. Қала тұрғындары мен қонақтары оларды пластикалық бөтелкелермен және тоқыма материалдарымен толтыруда.

«Міндетіміз – әріптерді толықтай толтырып, пайдаланылған шикізаттың құнды ресурс бола алатынын көрсету. Бұл – қаламыздың болашағы үшін ортақ саналы қадамымыз, – деді фестиваль продюсері Майра Измайылова.

Оның айтуынша, биыл ORTA FEST аясында эко-арт аллеясы ұйымдастырылды. Мұнда қайта өңделген және экологиялық таза материалдардан жасалған өнер туындылары қойылды.

Сонымен қатар суретшілер арасында EcoHuman байқауы өтті. Нәтижесінде 8 жеңімпазға пайдаланылған шикізаттан инсталляциялар жасағаны үшін 150 000 теңгеден табыс етілді.

Сондай-ақ Eco-Con костюмдер шеруі өтті. Шара кезінде гүл перілері жүргіншілерге күлтелер таратса, қарғалармен бірге жүрген шамандар қала тұрғындарына тілектер мен болжамдар сыйлады.

Фестиваль 10 тақырыптық аймаққа бөлінген. Әрқайсысы қаланың құндылықтарын бейнелейді.

Еске сала кетейік, бұған дейін «FUNK» агенттігінің командасы елордалық суретшілер мен экобелсенділермен бірлесіп, пайдаланылған шикізаттан жасалған алып мысықты құрастырған болатын. Бұл арт-нысан Орталық саябақтағы көрнекті орындардың біріне айналды.

 

Нағашыбай Қабылбек
04.09.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 17673
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 17517
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 32701
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31275
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 34945