Сегіз қырлы, бір сырлы оқушы Әли Насырбек

Сегіз қырлы, бір сырлы оқушы Әли Насырбек
Әли Насырбек 10 жаста. Ол қазірден бастап өзін түрлі бағытта дамытып жүр. Мектеп бағдарламасындағы негізгі пән — математика бойынша халықаралық олимпиада чемпионы, республикалық өнер байқауының жеңімпазы. 

Әли Насырбек Астанадағы «NurOrda» мектеп-лицейінде 4-класта оқиды. Ол — оқу озаты әрі өте жан-жақты оқушы. Түрлі үйірмеге қатысады. Әли небәрі тоғыз жасында Нью-Йоркта өткен математикадан халықаралық байқаудың жеңімпазы болған.

Халықаралық байқау Нью-Йорк қаласындағы Columbia University-де өтті. Бірақ байқауда 3, 4 және 5-кластар бір категория бойынша бағаланды. Сондықтан мен ол кезде 3-класта оқысам да, өзімнен жоғары класс бағдарламасының есептерін шығаруым керек болды. Кішкене қиын болғанымен, мұғалімдерімізбен алдын ала екі айдай дайындалған соң, есептерді шығара алдым, — дейді ол.

Әли Америка Құрама Штатында өткен бұл халықаралық байқауға қатыспас бұрын математика бойынша өзге де түрлі жарысқа қатысқан, көп қосымша сабақ алған. Өзінің айтуынша, оның есеп-қисапқа қызығатынын алғаш болып мектептегі мұғалімдері байқапты.

Класс бойынша есептерді үнемі жылдамырақ шығарып қоятынмын. Сосын оны мұғалімім байқап, мені жарыстарға қатыстыратын болды. Әкем үйде де ылғи бірнәрселерді есептеп отыратынымды көріп, қызығушылығымды түсінді. Сондықтан жарыстарға қатысатынымды әрдайым қолдайды. Нью-Йоркқа барар алдында оған дейінгі кезеңді жеңіп, халықаралық байқауға жолдама алу керек болды. Ол кезеңнің тапсырмаларын өз мектебімізде орындадық, — дейді Әли.

Әли осы қабілетін шыңдай түсу үшін шахматпен де айналысады. Үнемі қосымша үйірмесінен қалмай барып, шахмат бойынша да жарыстарға шығып жүр.

бала шығармашылығы, өнер
Әли Насырбек. Фото жеке архивінен

Шахмат ойнаған да қатты ұнайды. Бұл жерде де есеп шығарып отырғандай, әр қадамыңды ойланып басасың. Қарсы жақтың қалай жүруі мүмкін екенін де есептейсің. Күрделі, бірақ өте қызық ойын. Өз басым, есеп шығарғанда өзімді жақсы сезінемін. Шахмат ойнағанда да солай, — дейді ол.

Әли жаратылыстану-математика бағытымен қатар, шығармашылық қабілетін дамытуға да көп көңіл бөледі. Ол жақында ғана Астанада өткен республикалық өнер байқауында бас жүлдені жеңіп алды.

бала шығармашылығы, өнер
Әли Насырбек. Фото жеке архивінен

Шығармашылықпен айналысқан да қатты ұнайды. Астанадағы өнер байқауында домбыра тартып, «Ыңғайтөк» күйін шертіп, жеңімпаз атандым. Домбыра үйірмесіне 2-кластан бері қатысып жүрмін. Қазір шамамен 20 шақты күй тарта аламын. Бұған қоса пианино да ойнай аламын, — дейді өнерлі бала.

Әли сабақтан тыс уақытта спорт үйірмесіне де барады. Каратэменайналысып жүргеніне бір жылдай болған. Жалпы Әлидің кестесі тығыз. Күнде үйден таңертең ерте шығып, кешке бір-ақ келеді.

Таңғы сағат сегізден кешкі беске дейін мектептеміз. Кесте бойынша түске дейін мектеп бағдарламасындағы міндетті пәндерді оқимыз. Барлық сабақ біткен соң, бірден класс болып бүкіл үй тапсырмасын орындап тастаймыз. Мектептегі жауапкершіліктен тек осыдан кейін ғана босаймыз. Сағат тілі кешкі беске таяған уақытта мектептен шығып үйірмелеріме барамын. Сондықтан үйге көбіне кешкі алтыларға таман жетемін, — дейді ол.

Аяулым МЫҢЖАСАР
13.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 80
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 85
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 186
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 186
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 325
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 328
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 550
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 497

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9201
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8598
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11825
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9595
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10808