🎤Семейде алғаш рет «Руханият-2025» сыйлығы табысталды

🎤Семейде алғаш рет «Руханият-2025» сыйлығы табысталды
Бүгін Семейде мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай салтанатты шара өтті. Шара барысында өңір мәдениетінің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген жандарға «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медалі, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі табысталды. Ерекше атап өтерлігі, аймақ өнерпаздарына алғаш рет Абай облысы әкімінің «Руханият-2025» сыйлығы табысталды.
💭Салтанатты шарада сөз сөйлеген аймақ басшысы Абай атындағы облыстық әмбебап кітапхана ұжымы мен Бөрілідегі Мұхтар Әуезовтің музей-үйінің меңгерушісі Шағжан Исабаевты жоғары жетістіктерімен құттықтады. Шағжан Исабаев Мемлекет басшысының Жарлығымен «Құрмет» орденін кеудесіне тақса, Абай атындағы облыстық әмбебап кітапхана Астанада өткен республикалық «Рухани қазына – 2025» фестивалі аясында «Үздік облыстық маңызы бар кітапхана» атағын иеленіп, бүкіл еліміздегі кітапханалар ішінде гран-при жеңіп алды.
«Бұл биылғы Ұлы Абайдың 180 жылдығы қарсаңында біздің өңірдің өнері мен мәдениетіне көрсетілген мәртебелі марапат, зор құрмет. Семей топырағы - әдебиет пен мәдениеттің, өнер мен өлеңнің туын көтерген тау тұлғаларды тудырған, киелі мекен», - деді облыс әкімі.
🎖️Аймақ басшысы облыстың өнерін өрлетуге үлес қосып жүрген жандарды 18 аталым бойынша марапаттады. Өнерпаздар мен мәдениет ұжымдарына «Жылдың үздік театр әртісі», «Үздік музыкалық ұжым», «Жылдың үздік режиссері», «Жылдың үздік композиторы», «Үздік дәстүрлі өнерпаз», «Үздік мәдениет мекемесі», «Үздік музей қызметкері», «Жылдың үздік кітапханашысы», «Жылдың үздік кеш жүргізушісі», «Үздік мәдениет маманы», «Үздік қолөнер шебері» «Үздік халықтық шығармашылық ұжым», «Мәдениет майталманы», «Үздік орындаушы», «Үздік би өнері», «Үздік аспапта орындаушы» аталымдары тапсырылды.
📍Бүгінде облысымызда 296 мәдениет нысаны, оның ішінде 137 кітапхана, 131 клуб, 10 музей, 9 архив, 1 театр, 1 филармония және бірқатар мәдени орталықтар халыққа рухани қызмет көрсетуде. Бұл мекемелерде 3000-нан астам маман қызмет атқарады.
Облыс әкімі өңірдегі мәдениет нысандары кезең-кезеңімен жаңғыртылатын атап өтті.
⚡️Қазіргі уақытта Қарауыл ауылындағы мәдениет үйі жөнделіп, көрермен залы жаңартылуда. Ақсуатта жаңа мәдениет үйінің жобасы дайындалып жатыр. Мақаншыдағы «Інжу-Маржан» ансамбліне аспаптар мен сахналық киім алуға қаржы бөлінді. «Қазақстан халқына» қоры арқылы 30 ауылдық кітапхана жаңғыртылады. Семейде Абайдың 180 жылдығына орай Жидебай-Бөрілі музейі, Абай театры мен кітапханасы, сондай-ақ Достоевский және Невзоровтар музейлерінде жөндеу жұмыстары басталды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен ұлы Абайдың 180 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып отырған «Абайға құрмет» республикалық акциясы аясында облыс орталығында жаңадан бой көтеретін шағын ауданда театр, облыстық орталық кітапхана, шығармашылық сарайы, өлкетану мұражайы, көрме орталығы, музыкалық мектеп сияқты мәдени нысандар салынатын болады. Мәдениет – тек естелік емес, ол – әрекет. Біз мәдениетімізді сақтап қана қоймай, оны дамытамыз, жаңғыртамыз. Бұл бағытта қабылданған әрбір шешім – өңір болашағына жасалған инвестиция. Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын», - деді аймақ басшысы.
АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
22.05.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 12593
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 12613
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 27707
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 26408
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 29887