
"Тазалық табалдырықтан басталады" демекші, көктемнің шуақты күні қым-қуыт тірлік пен жаңарудан басталады.
Тұрғындар тазалыққа баса мән беріп, қолға күрек ап, қызу жұмыстарға білек сыбана кіріседі.

Осы орайда, аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес бүгін Орталық саябақта сенбілік жұмыстары жүргізілді. Тазалық жұмысына мекеме, бөлім, кәсіпорын қызметкерлері мен тұрғындар тартылды. Тазалық жұмыстары барысында күл-қоқыс шығарылып, арық - атыздар тазаланды. Шараға аудан тұрғындары да белсенділік танытты. Бірлікпен басталған сенбілік апта сайын жалғасын табады.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі
15.03.2025