«СЕРГЕКТІ» ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖҮЙЕСІ АЛМАСТЫРУЫ МҮМКІН

 «СЕРГЕКТІ» ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖҮЙЕСІ   АЛМАСТЫРУЫ МҮМКІН

 

Елордада 2017 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «Сергек» жобасы биыл 13 наурызда аяқталады. Бұл туралы Астана қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Дидар Сүлейманов мәслихат отырысында мәлімдеді.

«Сергектің» орнына Астанада жасанды интеллект негізіндегі қалалық инфрақұрылымды басқарудың жаңа жүйесі іске қосылады. Бұған дейін мәслихат отырысында жаңа жоба таныстырылған болатын. 

Дидар Сүлеймановтің сөзінше, жаңа жоба G42 холдингіне кіретін халықаралық Presight компаниясымен (БАӘ) бірлесіп жүзеге асырылады.

Жаңа жобаны әзірлеу кезінде қазіргі жүйенің кемшіліктері ескерілді. Атап айтқанда, аппараттық-бағдарламалық кешеннің үздіксіз жұмыс істеуі үшін тұрақты электр қуатымен қамтамасыз ету жоспарланған. Сонымен қатар жүйенің негізгі элементтері, соның ішінде жалпы бейнебақылау камералары, оптикалық байланыс желісіне қосылады, бұл бейнеағынды тұрақты түрде беруге мүмкіндік береді, – деді Дидар Сүлейманов.

 Қазіргі таңда операторлар бейнеағынды беру үшін 4-5 түрлі WMS-жүйелерін пайдаланады, бұл олардың жұмысын қиындатады. Жаңа жоба аясында бірыңғай бейнеағын беру жүйесі енгізіліп, мониторинг тиімділігі арттырылады.

Қолданыстағы инфрақұрылым жаңа жеке серіктестің басқаруына беріледі, бұл жүйенің тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді. Жоба аясында:

* 22 мың жалпы бейнебақылау камерасы,

* 732 аппараттық-бағдарламалық кешен – жол қиылыстарында,

* 470 аппараттық-бағдарламалық кешен – сызықтық учаскелерде орнатылады.

Жүйе ЖҚЕ-нің 15 түрін бұзуды және 35 түрлі бейнесараптаманы тіркейді. 

Спикер атағандай, жоба 2030 жылға дейін жоспарланған, ал оның инвестиция көлемі 53 миллиард теңгені құрайды. Қаржыландыру толығымен жеке серіктес есебінен қамтамасыз етіледі, ал жұмыстың 60%-ын қазақстандық компаниялар орындайды. Инвесторға төлемдер тек нысан толық пайдалануға берілгеннен кейін ғана жүргізіледі.

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
20.02.2025

Ұқсас жаңалықтар

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕ
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі - 01.04.2025 142
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
Жамбыл облысы әкімдігі - 01.04.2025 192
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ ГҮЛМЕН КӨМКЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 66
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ  ТӨЛЕБИЛІКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 246
ШАРДАРАЛЫҚ ЗІЛТЕМІР ШЕБЕРІ ТҰҢҒЫШ ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 55

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3570
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 3778
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 18700
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17384
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 20805