Соғыс және тыл ардагерлері пойызда тегін жүреді

Соғыс және тыл ардагерлері пойызда тегін жүреді
 
Қазақстан теміржолы компаниясының хабарлауынша, теміржол көлігімен тегін жүру 1935 жылғы 31 желтоқсанға дейін туылған Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне және еңбек майданының қатысушыларына беріледі.
 
Аталған қайырымдылық акциясы «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының «Жеңіс» жобасы аясында ұйымдастырылды.
 
– Акция мақсаты – Қазақстан Республикасында тұратын, 1935 жылғы 31 желтоқсанға дейін туылған Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін, тыл еңбеккерлерін және еңбек майданының қатысушыларын әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру, – делінген хабарламада.
Барлық бағыттағы (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шегінде) пойыздардың купелік вагондарында, сондай-ақ қаламаңы қатынасындағы пойыздарда, «Турист» класты вагондарда және «Talgo» компаниясының вагондарынан құрылған пойыздарда мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған мамандандырылған купеде тегін жол жүру көзделген.
 
Тегін жол жүру құжаттарын ресімдеу үшін «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассасына Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжатты, сондай-ақ Ұлы Отан соғысына қатысушының немесе мүгедегінің куәлігін, тыл еңбеккері және еңбек майданының қатысушысы ретінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы уәкілетті органның белгісі бар зейнетақы куәлігін ұсыну қажет.
 
ТМД елдеріне барған кезде тегін жол жүру үшін құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан сату пункттерінде ғана ресімделеді.
 
Науқан 2022 жылдың 30 маусымына дейін жүзеге асырылады.
07.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 69
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 107
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 108
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 69
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 215
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 221
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 434
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 398

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9091
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8489
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11717
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9482
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10698