Соғыстан қалған жалғыз майдангерді ұлықтады

Соғыстан қалған жалғыз майдангерді  ұлықтады

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңірді өркендетуде біршама жетістіктерге қол жеткізді. Облыстың экономикасы көтеріліп, елдің әл-ауқаты жақсарып,  инвестициялар тартылып, тұрғын үйлер салынып, өндіріс ошақтары бой көтеріп, қала көркейіп, халықтың  әкімге деген сенімі артып, ертеңгі күнге үмітпен қараған келбетін журналист ретінде сөйлескеннің сөзінен, кезіккеннің кеңесінен сезіп біліп жүруде, адамның көңіл күйіне жайлы әсер етеді екен. Сондай көңіл күй сыйлайтын әсерлердің бір-екеуін тоқталсақ. Ол ағаны ардақтап, ініге ізет білдірген төмендегі  игі істер еді.       Жеңіс күні қарсаңында Қосшы қаласында Ұлы Отан соғысының ардагері Нұрқасым Әжітаевты ұлықтау шарасы өтті. Шараға арнайы қатысқан Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов майдангерді Жеңіс күнімен құттықтады. Н. Әжітаев – өңірде соғыстан қалған жалғыз тұяқ. 

Майдангер ата 101 жылдық ғұмырында  соғыстың қан кешуімен, бейбіт күндердің ауыр еңбектерімен шыңдалып,  халқына қызмет еткен жан.

Облыс әкімі құттықтауында: «Нұрқасым ағаға қандай құрмет көрсетсек те артық емес. Ол ел басына күн туған қиын шақта қара бастың қамы емес, өз жанын емес, халқын ойлаған майдангерлердің үлгі, өнегесі – жастар үшін ұлағатты тәрбие. Солардың бірі Нұрқасым ағамыз ұрпақ тәрбиелеп, ұрпаққа үлгі қалдырған – үлкен әулеттің ақсақалы, халықтың қадірлісі», – деп ықылас білдірді.

Н. Әжітаев майданға 1943 жылғы 15 қаңтарда Жаңасемейден аттанып, Курскдегі жан алып, жан беріскен шайқастардан аман өтіп, Берлинді алса да, еліне қайта алмаған. Ол батыстан шығысқа аттанып, Жапонияға қарсы 1945 жылдың қыркүйегіне дейін соғысады. Майдангер II дәрежелі Отан соғысы ордені, Кеңес Одағының Маршалы Георгий Жуков және «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен марапатталады.

Әкім майдангерге Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Алғыс хатымен қоса ақшалай сертификат пен естелік сыйлық тарту етті. Шара соңында майдангер ата: «Болашақ ұрпақ мұндай ауыр күндерді көрмесін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Алла бізге бейбіт өмір сыйласын!» – деп жас ұрпаққа бата берді.

 

Дахан ШӨКШИРҰЛЫ
20.05.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25299
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24797
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42229
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38082
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42570