Солтүстік Қазақстан полицейлері елікті құтқарды

Солтүстік Қазақстан полицейлері елікті құтқарды

Биылғы қыста жануарлардың көшіп-қонатын мекені мен жолының өзгеруіне байланысты облыстың ауыл аймақтарына еліктер көптеп келгіштей бастаған. Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті қызметкерлері жүргізушілерге тек қала сыртындағы трассаларда ғана емес, ауыл ішінде де еліктердің кездесуі мүмкін екенін еске салады. Петропавлдағы Жұмысшы кентінің аумағында адасып жүрген елікті тұрғындардың көзі шалған. Мамандар бұл өз кезегінде жол-көлік оқиғасына себепші болуы мүмкін екенін айтып, ескертеді. Жергілікті тұрғындар бұл туралы «102» арнасына хабарлаған. Шақыруға табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері мен қорықшылар келіп жетті. Олар № 43 мектеп стадионында өз үйірінен көз жазып қалған елікті ұстап, орманға жеткізді. Ақпан айында табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жұмыс істеп жатқандарын еске салай кетейік. СҚО полицейлері мүдделі органдармен бірлесіп аңшылық шаруашылықтары мен қорғалатын табиғи аумақтар бойынша рейдтерге кірісті. Мақсаты – табиғи ресурстарды браконьерлік пайдалану, аң және балық аулау ережелерін бұзу фактілерін анықтау және жолын кесу.

 

Қазақстан дәуірі
07.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1037
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7086
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10935
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7152
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7296