СОЗАҚ АУДАНЫ ӨНЕРКӘСІП ӨНІМ КӨЛЕМІ БОЙЫНША ОБЛЫСТА КӨШ БАСТАП ТҰР

 СОЗАҚ АУДАНЫ ӨНЕРКӘСІП ӨНІМ КӨЛЕМІ БОЙЫНША ОБЛЫСТА КӨШ БАСТАП ТҰР
Созақ ауданында биыл жыл басынан бері 179 млрд 568 млн 400 мың теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндірілген. Жалпы өңірдегі негізгі көрсеткіштер жыл сайын жоғарылап, өсім байқалады. Былтыр жыл қорытындысы бойынша аудан - өнеркәсіп өнім көлемі мен жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының көрсеткіштері бойынша облыста көш бастаған. Бұл жайында Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков мәлімдеді.
Сонымен қатар, ауданда «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында біршама жұмыстар атқарылуда. Жалпы бағдарламаға былтыр 277 жоба тапсырылып, 210 жоба 1 млрд 169 млн 410 мың теңгеге несие алған. Сондай-ақ, аудан әкімі өңірдегі инфрақұрылым саласындағы атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті.
«Қазіргі таңда Созақ ауданына қарасты 33 елді мекеннің 29-ы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Оның 21-і 24 сағат бойы тоқтаусыз ауыз суға қосылса, 5 елді мекенге кесте бойынша беріледі. Сондай-ақ, табиғи газға қосылу бойынша да біршама тындырымды істер қолға алынған. 2024 жылы АГТС қондырғылары орнатылып, іске қосылған жағдайда Шолаққорған ауылы мен Жеткеншек елді мекенінің тұрғындары табиғи газбен қамтылады. Ал «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде 2022 жылы ұлттық қордан Созақ ауылындағы спорт алаңы құрылысы жобасына қаржы бөлініп, 2023 жылы пайдалануға берілген. Сондай-ақ, аудан орталығы Шолаққорғаннан Түркістан қаласына қарай бағыттағы жол бойында республикалық бюджет есебінен заманауи үлгідегі спорт кешенінің құрылысы басталып, 2024 жылдың соңына дейін ел игілігіне беріледі деп күтілуде», - деді аудан басшысы.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
02.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 16.05.2024 57
ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 150 МЫҢ ДАНА АРНАЙЫ КИІМ ТІГЕТІН ФАБРИКА САЛЫНЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 16.05.2024 24
ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ КӨКПАРШЫЛАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 16.05.2024 14
«ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТЕРГЕ» ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНАН БІЛІКТІ КАДРЛАР ШАҚЫРЫЛУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 16.05.2024 19
СОЗАҚТА «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ 210 ЖОБАҒА ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛГЕН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 16.05.2024 24

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1520
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7556
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11433
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7595
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7755