СОЗАҚ АУДАНЫНДА 5 МЫҢ АСТАМ АЗАМАТ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА АТСАЛЫСТЫ

СОЗАҚ АУДАНЫНДА 5 МЫҢ АСТАМ АЗАМАТ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА АТСАЛЫСТЫ
✔️Созақта «Таза Қазақстан» шарасы аясында жалпыаудандық тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Игі іс-шараға барлық мекемелер мен аудан тұрғындары белсене қатысып, тазалық шарасына қолдау көрсетті.
✔️Шара барысында саябақтар, ішкі көшелер және ауыл маңындағы сай-сала тұрмыстық қалдықтардан толықтай тазартылды. Сонымен қатар, арнайы техникалармен көше бойлары мен аяқжолдар да тазаланып, көркейту жұмыстары жүргізілді.
📌- Тазалық жұмыстары біздің ауданда жүйелі атқарылып келеді. Республикалық экошара басталғалы барлық елдімекендерде тазалық шаралары бірнеше рет өтті. Қазір саябақтар, көше бойлары, қоғамдық орындар таза кейіпке енді. Бұл - қоғамның тазалыққа деген ынтасы деп білемін, - деді аудан тұрғыны Ғалымжан Ерланов.
✔️«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шараға 5 000-нан астам аудан тұрғыны мен 29 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 40 шақырым көше бойы және 22 шақырым аяқжол тазартылып, 140 тоннадан астам күл-қоқыс шығарылды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
23.02.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3648
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 3852
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 18779
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17457
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 20890